- Advertisement -

Кітапханаға кітап сыйла!

147

- Advertisement -

Көкдөнен ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс-шара өткізілді. Онда көрме ұйымдастырылып, келушілердің назарына ұсынылды.
Шара барысында тарих пәнінің мұғалімі Гүлнар Жұмағұлова Елбасының көптің көкейіндегі мәселені қаузаған мақаласын жан-жақты зерделеп, баяндама жасады. Дәйекті пікір, терең таныммен өрілген баяндама жүректерге жылылық ұялатты. Сондай-ақ, осы шара барысында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы да қолға алынды. Білім алушыларды патриоттық рухта тәрбиелеуге, кітап қорын молайтуға бағытталған шарада мектеп мұғалімі Райхан Омарова белгілі балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевтың таңдамалы шығармалар жинағын, «Ұлағатты ұлылар» көркем суретті альбомын және Бекбол Дәулеткелдиев «Д.Қонаев және Әулиеата өңірі естеліктері», Рафаэль Ниязбектің «Кемеңгер» атты және өзге де көптеген кітаптарды сыйға тартты.
Жиналғандар мектеп кітапханасына мазмұнды кітаптарды әрбір азамат табыстаса нұр үстіне нұр болатынын сөз етті.

Айткүл Өтемісова,
А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің кітапханашысы.

Т. Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support