- Advertisement -

Қарсылас шыдатпады

133

- Advertisement -

Өзбекстанның Ташкент қаласында су спорты түрлері бойынша Азия біріншілігі өтті. Аталмыш додада Қазақстан құрамасының негізін құрайтан «Айша бибі» су добы клубының арулары ұлттық құрама қоржынына жалғыз алтын жүлдені салып, мерейімізді тасытты.
Жамбылдық «Айша бибі» су добы клубының спортшылары толыққанды ұлттық құраманың сапында ойнайтыны бұрыннан мәлім. Олар команданың тұрақты мүшесі. Он жеті жасқа дейінгі спортшылар сынға түскен додада біздің арулар қарсыластарынан басым екенін іс жүзінде дәлелдеді. Құрамында Ажар Әлібаева, Дана Қыдырбекова, Елизаветта Руднева, Шахзода Мансұрова Анастасия Коломацкая секілді мергендер топтасқан ұжым алдымен Жапония елінің сайыпқырандарына қарсы өнер көрсетті. Тартысқа толы кездесуде отандастарымыз 16:12 есебімен жеңіске жетсе, келесі кезеңде Қытай құрамасын 12:6 есебімен ұтты. Үшінші айналымда алаң қожайындары Өзбекстан құрамасымен бақ сынасқан аруларымыз 7:7 есебімен тең түсті. Жарыс қорытындысында ұпай басымдығымен алтын жүлде біздің сұлуларға бұйырды.
Құрлық біріншілігінде жасындай жарқыраған Шахзода Мансұрова қарсыластарының қақпасына 13 гол соғып, үздік шабуылшы атағына қол жеткізді. Команданы Марат Наурызбеков пен Наталья Ладо сынды білікті бапкерлер жаттықтыратынын да айта кеткен жөн.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support