- Advertisement -

ІТ-технологиясы – экономиканы көтеруге жаңа серпіліс әкелмек

169

- Advertisement -

Бүгінгі таңда әлемде индустрияландыру жаңа қарқынмен дамып келе жатыр, бұл ІТ технологиялардың дамуы. Аталған технологиялардың дамуы жағынан АҚШ, Жапония мен Қытай халық республикасы көшбасшы болып отыр. Басқа шетел мемлекеттері де көштен қалмай осы технологияларды мемлекет тарапынан стратегиялық жоспар ретінде көздеп, алғы басымдықтардың қатарына енгізіп, дамытуда. Себебі неде? Талқылап көрейік.
Біріншіден, мемлекеттердің даму рейтінгісі экономикалық жағынан бағаланады. Экономиканың дамуы үшін мемлекеттің аграрлық, индустриялық базасы жоғары деңгейде болуы міндет. Қазіргі таңда экономиканың дамуына үшінші көрсеткіш пайда болды, ол – ІТ-технологиялар. ХХІ ғасырда аталған технологиялар барлық салаларға еніп кеткенін жақсы білеміз, бұл банк секторы, аграрлық сектор, индустриялық сектор, байланыс, ақпарат, қызмет көрсету, айта берсең, аталған технологиялар барлық салада қолданылуда. Ғаламтор арқылы қазіргі таңда халықаралық деңгейде шетел компаниялары мен кішігірім фирмалар арасында келісімшарттар жасалуда, ақша аударымдар, төлемдер жүргізілуде. Мысалы, «Биткоин» криптовалютасы өзінің пайдасын тигізіп отыр, кейбір шетел мемлекеттері аталған төлемді жүргізуді заңдастырып жатыр.
Екіншіден, ІТ-технологиялардың арқасында мемлекетіміздің экономикасын үлкен жылдамдықпен көтеруге мүмкіншілік бар екенін экономика сарапшылары айтып отыр. Елбасымыздың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы ел экономикасын өркендетуге өзінің серпілісін беретініне күмән жоқ. Егер аталған Жолдауды зерделесек, онда қозғалып жатқан мәселелер мен келешекте орындалуға міндетті үкіметке жүктелген тапсырмаларға қарасақ, түбінде бұл мемлекетімізге нақты пайдасын беретінін әрі тиімді жақтарын ашық көре аламыз.
Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасынан өзге білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды технологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылып отыр. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. IT-технологияларды барлық салаға енгізіп, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті. Сандық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету, яғни металлургиялық, мұнай өндіру, аграрлық, тағы басқа секторларда қолдану арқылы ыңғайлы әрі тез арада өнімдерді экспорттауға зор мүмкіншіліктер бар.
Аталған Жолдауда жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты, дамыған, ынтымағы жарасып, ырысы артқан мемлекет ретінде танытуға бағыт беретініне күмәнданбаймыз. Онда бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, елімізде инвестициялық климатты нығайту, бұдан бөлек, өңіріміздегі аграрлық секторды дамытып, экспорттық өнім көлемін арттыру көзделіп отыр. Жолдаудың бесінші басымдығында институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізу жұмысын жалғастыру, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе беру, қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту, сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу, судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою міндеттері қойылған.
Халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттер қазіргі таңдағы жаһандық тұрғыда әлемде болып жатқан күрделі өзгерістерге сәйкестендіріліп жасалған үлкен бағдарлама. Құжатта аталған тапсырмалар толық орындалған жағдайда мемлекетіміз зор жетістіктерге жетеді деп сенемін.

Самат Досыбайлы,
аудандық соттың
бас маманы.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support