- Advertisement -

Ақорда Назарбаевтың Головкин — Альварес жекпе-жегін көріп отырған сәтінің суретін жариялады

85

- Advertisement -

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегін көріп отырған сәтінің суретін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттік сапары кезінде тікелей эфир арқылы Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өткен қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін көрді», — делінген Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, бүгін Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support