- Advertisement -

Жомарт бергенін айтпас

125

- Advertisement -

Республикалық «Мектепке жол» акциясының 40 күні артта қалды. Екі айға созылатын қамқорлық шарасының арқасында өңірімізде 20 мың жеткіншек сабақтан қалмай, мектепке барды.
Қайырымдылық акциясына үн қосуда тараздықтар белсенділік танытуда. Жамбыл ауданының көрсеткіші де көңіл қуантады. Ауданда соңғы бір аптаның өзінде 511 бала киім-кешек және оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оның 400-іне аудандық бюджет есебінен көмек көрсетілсе, 111 балғынға демеушілер қолұшын созыпты. Тіпті, бір кәсіпкер Жасөркен және Гродикова орта мектептеріндегі әлеуметтік тұрғыда қолдауды қажет ететін балалар үшін 1 миллион 200 мың теңгесін жұмсапты.
Бұл азамат игі ісін жария етпей, аты-жөнін бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдемеуді өтініпті. Міне, нағыз жомарттық!
Жуалы ауданында қолдауға зәру жеткіншектер аз емес. Дерекке сүйенсек, көп балалы отбасынан шыққан, жетім 2 мың оқушы тіркелсе, оның 1800-і бүгінгі таңда қажетті оқу құралдармен, мектеп формасымен қамтылыпты. Қордай ауданында мұндай санатқа жататын 5450 бала бар. Қазір соның 3421-інің керекті киім-кешегі, оқу жабдықтары түгелденген. Ал Шу ауданында көмекке мұқтаж 743 баланың 639-ының мәселесі оң шешімін тапқан екен.
Облыстық білім басқармасының бас маманы Саясат Есеев осыны мәлімдеді. Ол аталған аудандардың белсенділігі өзгелерге үлгі болса дейді. Себебі, Талас, Меркі, Сарысу аудандары «Мектепке жол» акциясында аса белсенділік танытпай отырған көрінеді. Байзақ, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандарындағы «Атымтай Жомарттар» да балалар мектепке алаңсыз барып, білім алсын десе, ертерек қамданғаны жөн. Аталған ауданның басшылары, кәсіпкер азаматтар сабақ басталғалы да бір аптадан асқанын ескерсе деп ойлаймыз.

Есет ДОСАЛЫ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support