- Advertisement -

ҚР Президенті: «ЭКСПО-2017» көрмесінің павильондары музей ретінде сақталады

121

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін жабық деп жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «ЭКСПО-2017» көрмесі — инновациялық дамудың жаңа кезеңдерін бағындыруға жол ашатын үлкен тәжірибе мен мұра қалдырып отыр. Көрме кешенінің инфрақұрылымы оның жабылуынан кейін де толыққанды жұмыс атқаратын болады. Біздің «Нұр Әлем» ұлттық павильоны мен тағы да бірқатар павильондар «ЭКСПО-2017» көрмесінің мұрасы және музей болып сақталады. «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылуы осы базадағы ауқымды жобалардың бастамасы болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы сөзінде ең алдымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы көрме аумағында жұмыс жүргізетінін атап өтті. «Халықаралық қаржы орталығы қаржы хабы болып, инвестиция тарту орталығы мен үздік қаржы жүйесі болуы керек. Құрылған жасыл технологияларды дамыту бойынша халықаралық инвестиция орталығы жасыл технологияларды дамытудың жаһандық тынысына серпін береді. IT стартаптардың халықаралық технопаркі IT кәсіпкерлері мен әлемнің инвесторларын тартатын алаңға айналады. Осылайша, «ЭКСПО-2017» көрмесінің көрме кешені инновациялық тұрақты даму бағытына үлес қосып, жаңа орталықтардың жұмысында бәрін де белсенді серіктестікке шақырады. Осымен халықаралық көрмені жабық деп жариялаймын. Үлкен көрменің құрылысы бар-болғаны үш жылда салынды. Қаланың үлкен ауданы, ең көркем ауданы салынды», — деді Президент. Еске сала кетсек, Астанада бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жабылу салтанаты өтіп жатыр. Көрме аумағындағы павильондар жұмысын тоқтатып, шараға орай салтанатты шаралар ұйымдастырылуда. Көрмеге үш айдың ішінде шамамен 4 миллионға жуық адам келген.

ақпарат көзі kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support