- Advertisement -

ЖАПОНИЯ

162

- Advertisement -

«Жақсыдан – үйрен, жаманнан – жирен» деген. Әсіресе шетел мәдениеті, ондағы жастардың өмір сүру салты кез келгеніміз үшін қызықты. Сондықтан «Маздақтың» бір бұрышын шетел әдет-ғұрпына арнауды жөн санадық.
Бүгінгі санда – Күншығыс елінің жастары жайлы мағлұмат.

* Токио – әлемдегі ең қауіпсіз мегаполис. Қауіпсіздігі соншалық, тіпті 6 жасар балалар өздері-ақ қоғамдық көлікпен жүре береді.
* Жапондық отбасында бауырлардың еш себепсіз бір-бірімен тілдеспей жүруі, тіпті, телефон нөмірлерін білмеуі – қалыпты нәрсе.
* Жастары негізінен өте ұяң, ұялшақ болып келеді. «Мен сені сүйемін» деген сөзді ғашығының өзіне айта алу – ерлікпен пара-пар.
* Жапондықтардың 80 пайызы бірдеңені уайымдап, қобалжып тұрса, күле береді.
* Өзге ел азаматымен дос болу – жапон жастары үшін үлкен мақтаныш.
* Жастардың басым бөлігі ұсқынсыз көрінсе де сұр, көк түсті линзалар тағады.
* Жапонияда егер аяқ киімді шешкен соң басын есікке қаратып қоймасаңыз, әдепсізсіздік болып саналады.
* Ғашықтар күні қыздар өз сезімін білдіріп, жігіттерге сыйлықтар тарту етеді.
* Университетте әрбір студентке өзіне тиесілі жеке жұмыс орны мен жеке компьютер беріледі. Ондағы студенттер оқуға тек емтихан тапсыру үшін ғана емес, жұмысқа келгендей күнделікті келеді.
* Зерттеуге қажетті құрылғылар, іздену үшін аспирантура студенттері мен ғылыми жетекшіге жылына 1,5-2 мың еуро көлемінде қаржы бөлінеді.
* Ғылыми ізденістегі студенттердің қажетті оқулықтары кітапханада жоқ болып шықса, оны сатып алуы үшін де ақша бөлінеді.
* Магистратура немесе аспирантура студентіне халықаралық конференцияға барып, қатысып қайту үшін жылына бір рет 2 мың еуро көлемінде қаржы беріледі.
* Шетелден келген студенттер мен оқытушылар үшін жылына екі рет жапон тілін үйренудің тегін курстары ұсынылады.
* Жапондықтардың қарты болсын, жасы болсын, өте еңбекқор. Олар күніне үзіліссіз 18 сағат жұмыс істеп, небәрі 2 сағат ұйықтап алған соң қайта жұмысқа кірісе берулері мүмкін.
* Олар үшін 4 күндік демалыс, бір ай еңбек демалысына шыққанмен тең. Жұмыстан біз секілді уақтылы, кешкі 7-де кету, жылына бір рет еңбек демалысына шығу, тіпті, ұят саналады.
* Жапондықтардың ең бірінші сүйікті ісі – жақсы тамақтану, екінші – ел аралау, үшінші – автокөлік жүргізу.

Дайындаған
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support