- Advertisement -

Мойынқұмның граниті

106

- Advertisement -

Ауданда 2015-2016 жылдары жалпы сомасы 2 миллиард 542 миллион теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып, аймақтың индустриялық картасына да енгізілген еді. Жергілікті шикізат – гранит өндіруде жаңа инновациялық технологияларды қолдану жобасы – соның бірі. Жалпы құны 873 миллион теңгені құрайтын оны жүзеге асыруды Мирный ауылдық округі ГРЭ -21 ауылында орналасқан «Оргстрой» ЖШС қолға алып отыр. Осыған байланысты жаңа цех жарақтандырылу үстінде.
Аталған кәсіпорын 2015 жылға дейін тек гранит өндірумен ғана айналысып келген болса, енді оны өңдеуге де ден қойып, бордюр, тас тақта сынды дайын құрылыс материалдарын да көптеп шығаруда. Кәсіпорын қазірдің өзінде жоғарыда аталған жоба аясында бөлінген қаражаттың жалпы сомасының 85 пайызын, яғни 742 миллион теңгесін игеріп те үлгерген. Цех құрылысына қажетті электр жүйесін қосу, су тазалауға арналған италиялық құрал-жабдықтарды құрастыру және орналастыру жұмыстарымен арнайы мамандар айналысуда.
– Инвестициялық жоба шеңберінде бүгінгі күні мұнда тиісті құрылыс-құрастыру жұмыстары жүргізіліп, гранит карьеріне жаңа құрал-жабдықтар орналастырылған. Қытай елінен келген 30 инженер-техник жергілікті қызметкерлерге италиялық құрал-жабдықтарды пайдалануды үйретуде, – дейді аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Халима Исабаева.
Оның айтуынша, «оргстройлықтар» аталған жобаны жыл соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Цех толық қуатында жұмыс істегенде қосымша тағы да 50-100 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде.

Мойынқұм ауданы.

Уалихан жайлау,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support