- Advertisement -

Сары күз — сағыныш

213

- Advertisement -

Қабағың-ай күз суығы түскендей,
Ызғарыңды сездірдің бе қыс келмей?
Талай рет тәтті лебіз арнап ең,
Тыңдаушы едім сөзіңді бал ішкендей.

Кеттің енді жағдайымды сұрамай,
Сезімдердің сынағына шыдамай.
Менің халім қандай деп бір білмедің,
Неге қалдым өзіңізге ұнамай?

Махаббаттың уын ішіп зар қақтым,
Әлдекімге сезімімді арнаппын.
Сергелдеңге сала бердің жанымды,
Мен отырмын жүрегімді қармап мұң.

Ашымады маған мүлде жаныңыз,
Маған деген көңіліңіз әлі мұз.
Қош болыңыз, көрінбеңіз, сіз маған,
Досым менің енді мұңды сары күз!

Әлима Жұмабаева.

Қаратау қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support