- Advertisement -

«Селтикке» қарсы бізден кімдер ойнайды?

70

- Advertisement -

«Астана» футболшылары кеше Глазгоға аттанды, алда олар Чемпиондар лигасының плей-офф раундының аясында «Селтикке» қарсы ойын өткізбек. Аталмыш кездесуді барша қазақстандық футболсүйер әлеумет асыға тосып жүргені белгілі.
Елорда клубы сырт алаңдағы ойынға төмендегідей құраммен аттанды. Қақпашылар қатарында Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин болса, Игорь Шитов, Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Берік Шайыхов, Евгений Постников, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков қорғаушылар сапында өнер көрсетпек. Ал жартылай қорғаушылар Срджан Граховац, Серікжан Мұжықов, Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Марин Томасов, Асхат Тағыберген алғы шептегі ойыншыларға дем береді деген сенімдеміз. Джордже Деспотович, Джуниор Кабананга, Патрик Твумаси, Роман Муртазаев секілді шабуылшыларымыз қарсыластың қақпасынан саңылау іздеуге тырысады.
Айта кетейік, команда бүгін матч қарсаңындағы ресми іс-шараларға қатысуда. Ойын Глазгода 16-сынан 17-сіне қараған түні Астана уақытымен 00.45-те басталады. Тікелей эфирде матчты KazSport телеарнасы көрсетеді.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support