- Advertisement -

Төлешовтің соты созылып барады

116

- Advertisement -

Шымкентте өтуі тиіс Тоқтар Төлешовтің айыптау сотын Еңбекші аудандық сотының судьясы Мырзалы Жорабаев осы іске қатысты адвокаттар сот процесіне келмей қалғандықтан кейінге қалдырды. Негізі кәсіпкер Төлешов 2015 жылы билікті күшпен басып алмақ болған және қылмыстық топ құрған деген айыппен 21 жылға сотталған болатын. Қазіргі сот отырысы оған тағылған «Террористік қауіптерді саралау орталығы» басшысы қызметін атқарып тұрған кезде салықтан жалтарған және пара берген» деген айыпқа байланысты өтуде. Енді келесі сот отырысы қашан өтері әлі белгісіз.
«Айыптау үкімі қорғаушы тараптың қатысуымен оқылуы керек. Сондықтан бүгінгі сот процесін қарау мүмкін емес. Біздің Конституция мен құқықтық процестің заңдылығын сақтамауға құқымыз жоқ», – дейді Мырзалы Жорабаев.
Сыра зауытының бұрынғы қожайынына салық төлеуден немесе басқа да міндетті төлемдерден жалтару, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп туралы заң талаптарын бұзу, алдын ала сөз байласу арқылы пара беру туралы айып тағылған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support