- Advertisement -

Бір ғана адам сырғанаған ең биік мұз айдыны

214

- Advertisement -

Брэдли Фризен тікұшақты жақсы  меңгерген кәсіби ұшқыш. Ол жылдам ұшып, жерге аспан көгінен қарағанды ұнатады. Бір күні ол дос қызына өзімен бірге саяхат құруға ұсыныс білдіреді. Оның ұсынысына келіскен қыз анығында алдынан қандай тосын пейзаж күтіп тұрғанын білген де жоқ. Оған ұшқыш жолға шығар кезде мұзда сырғанауға арналған аяқкиім ғана алуын ескерткен болатын. Мұз бетінде сырғанамағанына 4 жыл уақыт өтіп кеткен қыз, кәсіби мәнерлеп сырғанаушылар көрмеген тамаша тосынсыйға жолығады. Расымен де, әлемді аузына қаратқан чемпиондар да биік таудың басында қатып тұрған, айнадай жарқыраған мынадай мұзды көрмеген болар.  Брэдли болса мәнерлеп сырғанап жүрген досын видеоға түсіріп, өзінің YouTube парақшасына салған.
Ерекше саяхат ұйымдастырып, қазақ жерінің табиғатының бөлекше болмысын осылайша көрсетуге болады. Ол үшін сәл ғана романтика һәм патриотизм жетіп жатыр дейді «Алауинформ».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support