- Advertisement -

Жат ғаламдықтар бізді байқап қойған

116

- Advertisement -

Адамзат жат ғаламдық тіршілікпен кездесудің алдында тұр. «Біздің Галактикамызда әлі миллиардтаған планеталар ашылады. TRAPPIST-1 жұлдыз жүйесінде Жерге ұқсайтын жеті планета табылып отыр», – деген еді АҚШ конгресінде NASA-ның ғалымы Томас Цурбухен. Оның айтуынша, NASA ғаламның қай жерлеріндегі қандай жағдайда тіршілік болуы мүмкін екенін белсенді түрде зерттеуде. Жат ғаламдық тіршілік іздеу бағыты енді ресми түрде NASA-ның бюджетіне енгізілген.
Бұдан бұрын, NASA-ның басшысы Чарльз Болден  жат ғаламдық өркениеттің Жерге 2025 жылға дейін келетіні анық деп жұртты дүр сілкінткен. «Ғарышта қорқынышты құбылыс көп, кейбіреуі біздің бар екенімізді біліп отыр. Ғаламда шамамен 30 мыңдай жат ғаламдық өркениет бар. Біз ондаған жылдар бойы ғарыш кеңістігінде белсенділік белгілерін білдірдік, құрығанда бір өркениет бізді байқап қойған болуы керек. Олар бізді кез келген сәтте басып алуы мүмкін», – деген еді ол.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support