- Advertisement -

Докторлық диссертациясын

190

- Advertisement -

Испанияда қорғаған қазақ қызы

Талас ауданы Ақкөл орта мектебінің 2000 жылғы түлегі, Алматы техноло-гиялық универси-тетінің аға оқытушысы, Сантьяго-де-Компостела университетінің (Испания) докторанты, ағылшын және испан тілдерін меңгерген Дамира Бақтиярқызы Тәттібаева «Қазақстанда өсірілетін дәнді-дақылдар өнімдерінің химиялық элементтер және микотоксиндер мөлшерін зерттеу» тақырыбында докторлық диссертациясын Испанияның Сантьяго-де-Компостела университетінде қорғап шықты. Испанияның Луго қаласына Ерасмус Мундус халықаралық бағдарламасымен келген Дамира аталған қаланың Терра Кампусында докторлық дәрежеге қорғаған алғашқы қазақ қызы болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстан дәнді-дақылдарындағы химиялық элементтер және микотоксиннің мөлшерін зерттеу болып табылды. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстанда өсірілетін күріш, бидай және талқан өнімі алынды. Мұндай жұмыстар Қазақстанда үлкен көлемдегі сынама санымен аз зерттелген. Ғылыми жетек-шілері Каролина Небот Гарсия және Карлос Франко Абуин, Сантьяго-де-Компос-тела универ-ситетінің  докторлары, профессор қызметін атқарады. Аталған жұмыс бойынша Томсон Ройтерс базасына енген халықаралық басылымдарда 3 ғылыми зерттеу мақалалары шықты.
Дамира Тәттібаеваның докторлық диссертациясы комиссия мүшелерінің ұйғарымымен «өте жақсы» деген баға алды. Комиссия жұмысына Ла-Корунья университетінің (Испания, Галисия) профессоры, Галисия фармация академиясының академигі Алехандро Пазос төрағалық етті. Диссертациялық кеңес мүшелері құрамында Коимбра университетінің (Португалия) профессоры Фернандо Рамос және Тағам қауіпсіздігі зертханасының директоры Альберто Сепеда болды. Сондай-ақ испан тілінде Терра Кампусындағы (Луго қаласы) университет баспасынан «Алғашқы қазақ қызы докторлық диссертация қорғады» деген мақаласы жарық көрді.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support