- Advertisement -

Бетмоншақты білесіз бе?

509

- Advertisement -

Бетмоншақ – сәукеленің екі жағына, маңдайына
салбырата қадап қоятын бірнеше қатар төгілмелі
моншақ. Оны сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Бетмоншақ белге дейін, тіпті одан да төмен түсіп
тұрған. Моншақтың саны, ұзындығы
қыздың әкесінің дәулетіне байланысты болған.
Бетмоншақ жас келіннің ұялшақ жүзін жартылай жасырып, бетін бүркемелеп тұрады. Сондықтан «ұялып тұр» деудің орнына «бетмоншағы үзіліп тұр» деген. Келіншектің оқыс қимылын бағып тұратын моншақтар өте нəзік жіпке тізіледі, қатты қимылдаса үзіліп түсуі мүмкін. Бетмоншағын үзіп алу – өте ұят саналған. Адуынды, бетпақ əйелдерді «бетінің моншағы жоқ», «бетінің қызылы жоқ» дейтіні содан. Оқыс әрі ерсі қимылдан моншақты үзіп алу келіншек үшін – ұяттың ең үлкені болып есептелген екен.
Ертеде сәукелеге жақмоншақ, жақтама, жақтау, жырға, сәукеленің сырғасы деген әшекейлер де таққан. Жақмоншақ – әйелдер баскиімдерінің екі жақ самайлығына және маңдайының алдыңғы жиегіне қастарын жасырып, тізбелі шоқ жасап шілтерлеп тағылатын әшекей. Жақмоншақты зергерлер алтын, күміс қозаларын жібек жіптерге тізіп, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support