- Advertisement -

Анашым

118

- Advertisement -

Алина Бейсенбекқызы,
Ы.Алтынсарин орта мектебінің 8-сынып оқушысы.

Анашым, сенсің мөлдір жан әлемім.
Өмірімде алғаш рет «ана» дедім
Көзімді бір ашқанда сізді көрдім,
Балаң үшін төзімді адам едің.

Күлкіңіз бар әдемі айдай жарық,
Біздер күлсек, көңілің самғайды анық.
Өзіңдей асыл жанды таба алмаймын,
Жүрсем де күнді шолып, айды айналып.

Күн кештің бізге деген шапағатпен,
Біз қалдық қуантуға жарап әбден.
Мен де енді шын қуанып өмір сүрем,
Анажан сізге деген махаббатпен.

Ақкөл ауылы,
Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support