- Advertisement -

Жас қызметшінің жетістігі

122

- Advertisement -

Биыл да «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы ұйымдастырылғаны белгілі. Конкурсқа еліміздің әр аймағынан қатысқан 300-ден аса мемлекеттік қызметшінің арасынан 41 үміткер ақтық мәреге жолдама алып, нәтижесінде 12 қызметкер үздік деп танылып, жеңімпаздар Елбасымен кездескенінен көпшілік хабардар. Сол жүзден жүйріктердің қатарында Көлбастау ауылдық округі әкімі аппараты іс-жүргізу және есеп бөлімінің басшысы Мұстафа Бектұрғанов та бар еді.
Бұл Мұстафаның өз сөзімен айтқанда, бала арманының орындалған сәті. Естен кетпес шақ еді. Ол бізбен әңгімесінде: «Елбасымен жүздесу ең үлкен арманым болатын. Табанды еңбектің арқасында сол арманыма қол жеткіздім. Өте бақыттымын. Президентке өзімнің қызметім жайында айтып, ауылымызда мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асып жатқаны жайлы хабардар еттім. Нұрсұлтан Назарбаев еліміз, халқымыз үшін аянбай еңбек етуді ерекше тапсырды. Ақылын айтты. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын»,– деді Мұстафа Бектұрғанов.
Мұстафа аудан орталығындағы «Мыңбұлақ» орта мектебін 2008 жылы бітіріп, Астана қаласындағы политехникалық колледжін «Жол қозғалысын ұйымдастырушы» мамандығы бойынша 2011 жылы үздік аяқтаған. Әуелі «Ата-Тараз» мекемесінде жол жөндеу қызметкері болды. 2012 жылы аудан әкімі аппаратында, 2013 жылы аудандық жастар орталығы мекемесінде жастар ісі жөніндегі нұсқаушы болып еңбек етті. 2014 жылы Жуалы аудандық мәслихат аппаратында бас маманы қызметін атқарып, қазіргі таңда Көлбастау ауылдық округі әкімінің аппаратында іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы болып қызмет етеді. 26 жастағы жас маман 2015 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» облыстық байқауының екінші орын иегері атанған еді. Бір бала тәрбиелеп отырған жас отбасы екінші сәбилерінің дүниеге келуін күтіп жүр.
Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы Мұстафа бұдан да биік белестерді бағындырғысы келеді. Оған оның білімі де, күш-жігері де жетеді. Ең бастысы жастарға жол ашық.

Болатбек Қайыпбекұлы,
Көлбастау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support