- Advertisement -

Жамбылдық білімді жастар

154

- Advertisement -

Соңғы жылдары Жамбыл жастары халықаралық білім додаларында топ жарып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Олардың арасында бірнеше дүркін жеңімпаз атанған оқушылар да бар. Төменде білімді әрі дарынды жеткіншектердің қол жеткізген жетістіктері туралы бірқатар деректерді ұсынып отырмыз.

Айвар Абрашұлы – облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының түлегі, физика пәнінен өткен халықаралық олимпиадалардың 6 дүркін, республикалық олимпиадалардың 6 мәрте жеңімпазы, ХІІ халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медалінің, халықаралық жасөспірімдер олимпиадасының,17-Азиялық физика олимпиадасының қола медальдарының, 47 — Дүниежүзілік физика олимпиадасының күміс медалінің иегері.
Данияр Отарбаев – облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының шәкірті. 27-Дүниежүзілік биология олимпиадасының қола медалінің, биология пәнінен республикалық олимпиаданың алтын медалінің иегері.
Әлішер Назарбеков – облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының бітірушісі. 27-Дүниежүзілік биология олимпиадасының қола медалінің, биология пәнінен республикалық олимпиаданың алтын медалінің иегері.
Қорған Нұржасаров – облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының түлегі. Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жобалар жарысының алтын медалінің, республикалық ғылыми жобалар жарысының информатика секциясы бойынша қола медалінің иегері.
Хамза Жаманқұлов – облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы. Халықаралық «Infomatrix» компьютерлік ғылыми жобалар жарысының күміс медалінің иегері.
Әділ Шахабаев – облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 10-сынып оқушысы. Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жобалар жарысының алтын медалінің иегері.
Бауыржан Күбейев – облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы. Математика пәнінен VІ халықаралық Леонард Эйлер олимпиадасының күміс медалінің, халықаралық Балқан жасөспірімдер олимпиадасының қола медалінің, Қ.Сәтпаев атындағы ІV Халықаралық олимпиаданың алтын медалінің, математика пәнінен республикалық олимпиаданың күміс медалінің иегері.
Нұрасыл Серікұлы – облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының түлегі. Химия пәнінен А.Б.Бектұров атындағы ІІ Халықаралық олимпиадасының алтын медалінің, халықаралық Д.И. Менделеев олимпиадасының күміс медалінің, республикалық олимпиаданың күміс медалінің иегері.
Дәмір Молдабай – облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы. Биология пәнінен республикалық олимпиаданың күміс медалінің иегері.
Қайсар Алмас – облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің бітірушісі. Халықаралық «Infomatrix» компьютерлік ғылыми жобалар жарысының күміс медалінің иегері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support