- Advertisement -

Лионель Месси аптасына 1,3 миллион доллар табыс табады

94

- Advertisement -

«Барселона» клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси аптасына бір миллион фунт стерлинг (1,289 миллион доллар) табыс табатын болады, — деп хабарлайды The Times. Осылайша ол осындай көлемде табыс табатын әлемдегі ең бірінші футболшы болмақшы. Қазіргі заманның тағы бір жарқын жұлдызы Криштиану Роналду аптасына небәрі 365 мың фунт стерлинг (470 мың доллар) табыс табады. Бұл дегеніміз португалиялық футболшы аргентиналықтан үш есе аза алады деген сөз.  Еске салайық,  Лионель Месси «Барселона» құрамасының негізгі футболшысы ретінде 2003 жылы қабылданған. Осы күнге дейін ол командасы үшін 585 ойын өткізіп, 510 гол салған. Аргениталық футболшы бес рет ғаламшардың ең үздік футболшысы атағын жеңіп алған.  Осыған дейін «Барселона» клубының әкімшілігі аргентиналықпен келісімшартты 2021 жылдың 30 маусымына дейін создыратынын мәлімдеген. Жаңа келісімшартқа 15 шілдеде қол қойылуы тиіс.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support