- Advertisement -

Дипломы барға жұмыс дайын

90

- Advertisement -

Еңбек жолын елді мекендерде бастаған жас мамандарды ынталандыру мақсатында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар – ауылға!» атты форум ұйымдастырды. Бұл жиынға диплом алып, ауылды көркейтуге аттанғандар шақыртылып, оларға құрмет көрсетілді.
Бүгінде ауылға барып еңбек етемін деген жастарға еш кедергі жоқ. Жас мамандарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтеннің айтуынша, биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында облыс бюджетінен жас мамандарды тұрғын үймен қамтуға 800 миллион теңге, бір жолғы жәрдемақыға 110 миллион теңге қаражат бөлінген екен.
Салтанатты шарада патриоттық әндер шырқалып, әр өңірден шақырылған белсенді жастардың жаңашыл бастамалары бейнеэкран арқылы көпшілік назарына ұсынылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылдарда еңбек көрігін қыздырып жүрген мамандарды басқарма басшысы Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады. Марапатталған жастардың атынан қаратаулық Бағлан Сұлтанбек сөз сөйлеп, жастарға қолдау білдіріп келе жатқан Елбасына, облыс басшысына алғысын білдіріп, өздеріне артылған сенімді ақтайтындарына сендірді.
Дипломмен ауылға аттанған Қордай аудандық Мәдениет үйінің жас әншісі Жаңыл Оңғарова «Қазағым» әнін асқақтата шырқады. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Есет ДОСАЛЫ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support