- Advertisement -

Ауыл жастарды күтеді

74

- Advertisement -

 

Әркімге туған жердің орны бөлек қой. Шіркін, біздің Мойынқұм қойнауы – құт, бақ-береке емес пе?! Жас ұрпақ осынау ұлан-байтақ даланың қадірін біліп, қасиетіне жетіп ұқсата білсе, туған жердің құдіретін сезінер еді. Қазір ауылда жастар аз. Қалай мектеп бітіреді, қалаға қарай ағылатын болды. Содан барып жұмыссыз жастардың қатары артып жатқан жоқ па?
Ауылда тұрып-ақ отбасын құрып, он-ондап ұл-қыз өсіріп, бақытты ғұмыр кешкен ата-апалардың өмірі білгенге сабақ емес пе? Мыңғыртып мал өсіріп, жайқалтып егін еккен бейнеткеш аға ұрпақтың тірлігін үлгі-өнеге тұтқан жастар өмірден өз орнын тауып, туған жердің түтінін түтетіп отыр ғой. Олардың тұрмыс-тіршілігі қала тұрғындарынан кем деп кім айтты? Қазір Құдайға шүкір, ауыл да түлеп келеді. Кешегі ойқы-шойқы жолдар жөнделіп, жаңа мектеп, емхана, балабақша салынып, таза ауызсу беріліп, ауыл халқының әлеуметтік жағдайы жөнделіп жатыр. Әл-ауқат артқан сайын тұрмыс түзелетіні рас. Осы бағытта мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қамқорлық пен қолдауды жастар сезінсе, ауылдан безе қашпас еді. Кешегі ата-анасы тер төккен ауылды түлету олардың перзенттік борышы екенін әр жас сезінетін кез жетті.
Ауданымыздың қай ауылында болмасын, еңбекті енші етіп, бейнет кешкен ардагерлер баршылық. Осы көпті көрген аға буынның өсиетін ұға білген жас ауылды түлетуге бел шешіп кірісетіні хақ. Біздер жастардың бойынан осындай патриоттық сезімді көрсек дейміз. Ауылды түлететін жастар ғой. Әр ұрпақтың өз тұсында атқаратын елеулі еңбегі болады. Дәл қазір ауыл жастары үшін туған жерді түлетуден асқан парыз жоқ.

Гүлшәкен Бопышбаева,
ауыл тұрғыны.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support