- Advertisement -

Баспа ісінің білгірі

102

- Advertisement -

Басылымның оқырманға жетуіне журналистпен бір қатарда үлес қосатын мамандық иелері жетерлік. Сондықтан бұл мереке – түн ұйқысын қиятын баспагерлер, газет беттерін текеметтің түсіндей безендіретін беттеушілер және мақалаларды теріп, сырлы суреттерді орнын тауып жайғастыратын операторлардың да мерекесі. Ендеше, аты аталған мамандық иелері болмаса, оқырмандардың рухани сұранысын қанағаттандыратын басылым жарық көрмес еді. Олардың көтеріп жүрген жүктері – ауыр, міндеттері – мол. Сондай еңбегі елеулі, өндіріс саласында бағындырған биіктері көп абзал әрі абыройлы жанның бірі, «Шу өңірі» газеті редакциясының операторы – Светлана Қожамұратова.
Светлана Татыбайқызы Мойынқұм ауданындағы орта мектепті тәмамдағаннан кейін әке жолын арда тұтып, журналист мамандығын меңгеруді көздеді. Еңбек жолын аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде тілші болудан бастады. Әкесімен бірге редакцияның қазанында қайнап, тырнақалды туындылары жарық көре бастады. Өкінішке қарай, оған жоғары білім алу бұйырмапты. Әйтсе де, газет беттеу ісін өз ізденісімен үйреніп алады. Ол кезде әріп теру, мақалалардың тақырыптарын орналастыру, әр бетті арнайы жіппен орап бекіту және тағы басқа жұмыстардың бәрі қол күшімен атқарылатын.
Светлана баспаханада еңбек етіп, әр істің көзін таба білетін іскерлігімен басшы тарапынан оң бағасын ала білді.
Әке сенімін ақтай білген Светлана қатарының алды болды. Тіпті, кей кездері ленотопист машинасымен әріптер теруге де күш салды. Қайнап тұрған қорғасынның қасында отырса да қиындықтан қашқан емес. Қандай жұмысты қолына алса да тиянақты, тыңғылықты атқара білді. Еңбегі ескерусіз қалған емес. Бірнеше рет аудандық, облыстық Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мерейлі жасқа толған әріптесімізді төл мерекесімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

Ахметжан ҚОСАҚОВ.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support