- Advertisement -

Ең мәртебелі әрі ҚАЖЕТ ТІ МАМАНДЫҚ

105

- Advertisement -

Сағи Бейсенбеков,
облыстық аурухананың бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты.

Қай қоғамда да адамзат үшін ең қажетті, ең киелі екі мамандық иесі бар: біріншісі – дәрігер, екіншісі – ұстаз. «Білікті ұстаз – ой-сананың бапкері болса, білімді дәрігер – тәннің шипагері. Алғашқысына кездессең, жолың болады, соңғысына ұшырассаң дерттен жаның қалады» деген ата-бабамыз. Халық айтса, қалт айтпайды.
Қазіргі еңбек-нарық қатынасы дәрігерге де, мұғалімге де жоғары талап қойып отыр. Бастысы – бәсекеге қабілетті болу. Отандық медицина 1 шілдеден бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Бұл қадам емдеу мекемелерінің барлық қызметін жақсартатынына сенімдімін. Өткен жылы біз дербес шаруашылық негізінде клиника мәртебесіне өтіп, дәрігерлердің жалақысын айтарлықтай ұлғайтуға қол жеткіздік. Соның арқасында кадрлардың жұмыстан кетуі азайды, жұмыстың сапасы артты. Сол секілді жаңа жүйенің де денсаулық сақтау саласын дамытуға тигізер септігі болатыны анық.
Кезінде бірыңғай ұлттық жүйе енгізілгенде де облыстар мен аудандардан науқастардың қалалық клиникаларға ағылуы болжанған. Алайда орталық клиникалық ауруханада ондай үрдіс байқалған жоқ. Облыстарда да пациенттерге мүдделі, сол себепті барынша сапалы қызметтерді ұсына отырып, оларды өздерінде ұстауға тырысуда. Сонымен бірге соңғы кезде өңірлердегі ауруханаларды техникалық жарақтандыру айтарлықтай жақсарды. Реформалаудың ең негізгі міндеттерінің бірі – емханалардағы қызметтердің сапасын арттыру, бастапқы көмекті жақсарту болса, бүгінде осы көздегеніміз жүзеге асып келеді. Ал бұл өз кезегінде мемлекет үшін қымбатқа түсіп отырған стационарларға деген қажеттілікті шамамен 70 пайызға дейін төмендетеді.
Қоғамда реформалау жалғасуда. Қазір денсаулық сақтауды 2019 жылға дейінгі жоспарланған «Денсаулық» бағдарламасында белгіленген іс-шаралар іске асырылуда. Оған қомақты қаржы бөлініп, терапияға, хирургияға, трансплантологияға және медицинаның басқа да салаларына қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу жоспарланды. Жеке клиникаларды дамытуға да жіті көңіл бөлініп отыр. Енді олар да кепілдік берілген көлемнің шеңберінде медициналық қызметтерді көрсете алатын болады. Бұл қадам емдеу мекемелерінің арасында бәсекелестік туғызатыны түсінікті. Ал бәсеке сапаны арттырады, облыстық аурухананың дәрігерлері мен мейірбикелері де соған ұмтылуда.
Бүгінгі таңда біздің ауруханада 838 қызметкер жұмыс атқарады. Оның 103-і дәрігер, 377-сі орта медициналық қызметкер. Олардың 6-ауы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі». Жоғары санатты дәрігерлер мен медбикелер қатары да артып келеді. Біздің ұжымның тарихы мен оның қызметкерлері жайлы әркезде көпшілік арасында жақсы пікір қалыптасқан. Оған облыстық және республикалық газет-журналдарда мезгіл-мезгіл жарияланып жатқан мақалалар мен науқастардың жақсы лебізі дәлел.
Жыл сайын ауруханада 14 мыңнан аса науқасқа медициналық көмек көрсетіледі, 11 мыңға жуық әртүрлі хирургиялық операциялар жасалады. Жыл өткен сайын медициналық көмектің деңгейі өсіп, сапасы заман талабына сай жақсарып келеді. Жаңа медициналық технологиялар, диагностикалық және емдік аспаптар мен аппараттар кеңінен қолданысқа енгізілуде. Дәрігерлердің біліктілігі мен білімдері де арта түскен. Соның арқасында медициналық көмектің жаңа заманауи түрлері батыл енгізілуде. 2012 жылы ауруханаға қан тамырларының өзгерістерін зерттейтін арнайы рентгендік ангиограф аппараты алынса, 2013 жылы магниттік резонанстық компьютерлік томограф қойылды, бірнеше қанды зерттеу анализаторлары алынды. Олар сырқаттардың ауруын Алматы, Астана аспай дер кезінде анықтауға мүмкіншілік туғызып отыр. Біз алдағы уақытта да кардиохирургиялық операциялар санын өсіріп, жедел кардиология бөлімінің көрсеткіштерін жақсартуға, атап айтқанда жедел жүрек инфаркты, стенокардия, инсульт ауруларынан болатын өлім-жітімді, мүгедектікті азайтуға бар мүмкіндікті жасаймыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support