- Advertisement -

Максим Раков Азия чемпионы атанды

105

- Advertisement -

Гонконгта жалауы желбіреген Азия чемпионаты қазақ дзюдошылары үшін толайым табыстарға толы болып тұр. Құрлық біріншілігіне елімізден 18 спортшы аттанған-ды. Олардың бірқатары ел қоржынына жүлде салып үлгерді.
Жүз келі салмақ дәрежесіндегі саңлағымыз Макcим Раков Гонконг төрінде төселген татамиде жасындай жарқырап, алтыннан алқа тағынды. Осылайша ол сары құрлық біріншілігінің екі дүркін чемпионы атанып отыр. Ақтық сында ол оңтүстіккореялық Хьюн Чол Кимді жеңіп, мерейімізді тасытты.
Максим Раковтың жарқын жеңісіне дейін сайыпқырандарымыз бірнеше медаль иеленген болатын. Атап айтар болсақ, 48 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах ақтық сында сүрініп, күміс жүлдеге иелік етсе, 66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Жұмаханов та финалда жеңіліп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, 90 келі салмақ дәрежесіндегі оғланымыз Ислам Бозбаевқа да құрлық біріншілігінің күміс жүлдесі бұйырды. Ал 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Жансай Смағұл мен 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде топқа түскен Гүлжан Исанова қола жүлде үшін өткен белдесуде қарсыластарынан айласын асырып, қоржынымызға қос бірдей қола жүлдені салды. Құрлық біріншілігі әзірге қазақ спортшылары үшін сәтімен жалғасып жатыр.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support