- Advertisement -

Тұрғындарды толғандыратын мәселе не?

99

- Advertisement -

Облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов Жуалы ауданында сайлаушылармен кездесу өткізді. Жеке сұрақтары бойынша өтініш айта келгендердің ұсыныстары да назардан тыс қалған жоқ. Депутат тұрғындар үшін қоғамдық қабылдау жүргізіп, өтініш-тілегін тыңдады.
Ақсай, Қарасаз, Күреңбел, Боралдай мен Билікөл ауылдық округтерінде өткен жиындарды аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков ашып, жүргізіп отырды. Сайлаушылар алдында депутат Бағлан Қарашолақов жыл бойы атқарған жұмысын баяндап, есеп берді. Жиында ақсайлықтар округке қарасты жолдарды жөндеу керектігін, қарасаздықтар – аудандық орталық емханада кардиолог дәрігердің жетіспейтінін айтып, мәселе көтерді. Тұрғындардың айтуынша, ауруханада бір ғана кардиолог дәрігер бар екен. Ал оған барып, кеңес алу үшін апталап кезекке тұру қажет деседі тұрғындар.
Ауыл жұртшылығын толғандыратын мәселелер бұл ғана емес екен. Көпшілік «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының үстінен аспалы көпір салынса дейді. Күреңбелдіктер үшін жайылымдық жердің азайып бара жатқаны уайым. Қаратаста медициналық пункт, Күреңбел орта мектебінде спорт зал жоқ. Боралдайлықтар алты ай қыста қалың қардың құрсауында қалатын боранды күндерді ойлайды. Сондықтан Көлтоған ауылынан қыста жол тазалау үшін техникалық парк жасақталса деседі. Билікөлдіктерге керегі – Аса мен Қарабастау ауылы арасындағы жолдың жөнделгені. Жиында осы және басқа да ауызша-жазбаша түскен сұрақтарға облыстық мәслихаттың депутаты Бағлан Жиенәліұлы жан-жақты жауап берді.
Бұдан кейін облыстық мәслихаттың хатшысы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға алты адам жазылған екен. Бағлан Қарашолақов олардың сұрақтарына нақты жауап беріп, көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын айтты. Жалпы сайлаушылармен кездесу барысында депутатқа барлығы 24 сұрақ берілді. Оның алтауына сол жерде жауап берілсе, 18 сұрақ бақылауға алынды. Ал жеке қабылдауда 6 мәселе бақылауға алынып, 1 сұраққа жауап берілді.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support