- Advertisement -

Есектің арызы

128

- Advertisement -

Мені жұрт ақымақ дейді,
Орынсыз ақырады дейді.
Мастарды да, маубастарды да,
Есек дейді,
Сонда олар бізді,
Кім деп есептейді?!

Онсыз да шаршап, өліп жүрген,
Қиындыққа көніп жүрген,
Тағдырдың салған қорлығын,
Егеміздің зорлығын,
Күндіз-түні көріп жүрген,
Не жазығы бар еді,
Біз сияқты сорлының?!

Етіміз арам десек те,
Бой ұрмаймыз бос мақтан мен өсекке,
Еш тірлікте салынбаймыз есепке,
Қанша жұмыс ауыр болса да,
Артпаймыз ешкімге бос өкпе.
Сонда да бізді байлап қояды,
Қалған-құтқан «кәшекке».

Бұл сөзіміз сіздерге өте ме,
Жетпей ме, жете ме,
Білмейміз, білетініміз –
Біз де бірге өскен жануармыз ғой,
Төрт түлікпен етене.

…Бұл есектің не бар екен ойында,
Көрген бе әбден тапшылық?!
Дегенменен, әр жаманның бойында,
Болады ғой кішкентай бір жақсылық.

Шайхан ХАМЗАҰЛЫ.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support