- Advertisement -

«Альтаис» командасы жеңімпаз

144

- Advertisement -

Футболдан Тараз қаласы әкімінің кубогі жолындағы жарыс мәресіне жетті. Доп додасының ақтық сынында «Альтаис» командасы мен «Прокуратура» командасы кездесті. Екі команда арасындағы ойын тартысқа толы жағдайда өтті. Қос мықты ұжым негізгі уақытта бір-бірін ала алмай, 1:1 есебімен тең тарқасты.
Ойын соңынан кейінгі 11 метрлік айып добынан «Альтаис» командасының мерейі үстем болды. Пенальтиден 4:2 есебімен басым түскен олар қала әкімінің кубогіне және қомақты қаржылай сыйлыққа иелік етті. Ойын аяқталғаннан кейін дода барысында үздік шыққан аяқдоп шеберлері марапатталды. «Үздік қақпашы» аталымы «Альтаис» ойыншысы Қайсар Тұрсынбаевқа берілсе, «Үздік қорғаушы» боп «Прокуратура» командасының футболшысы Нұрзат Парманов танылды. Өзге де үздіктер марапаттан тыс қалмай, қаржылай сыйлықтарға ие болды. Осылайша қала әкімі кубогі өз мәресіне жетті.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support