- Advertisement -

Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталса

80

- Advertisement -

Күн жылынысымен-ақ табиғи өрттер белең ала бастайтыны белгілі. Орман алқабы біздің өңіріміздің экожүйесінен де маңызды орын алады. Ормандарды өсімдіктер дүниесін қорғау қызметін атқаратын табиғи кешен десе де болады. Мысалы, сексеуіл нуы өңірдегі орман қоры алқабының жартысынан астамын алып жатыр. Облыс аумағында дала және орман өрттері жыл сайын тіркелуде және оның салдарынан жануарлар әлемі, тал, сексеуіл, шөптесін өсімдіктер түп-тамырымен қоса жойылу үстінде. Соның салдарынан сексеуілді орманда құмның жылжуын тоқтату қабілеті азая түсетіні белгілі. Мұндай өрт шамалы ғана шығын келтіреді десек те, үлкен аумаққа таралып, орманды далалық алқаптарға өтеді әрі ауыл шаруашылық жерлеріне зор қауіп төндіреді.
Табиғи өрттің орын алуы адамдардың тікелей өздеріне де байланысты. Олардың ұқыпсыздығынан, немқұрайлылығынан, сауатсыздығынан орын алады. Жерге тасталған темекі тұқылы, сөндірілмеген от – осының барлығы өрттің тұтануына себеп болып, оның соңы ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. Табиғи өрттің алдын алудың жалғыз жолы – өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау.
Елді мекендерде және далалық орманды алқаптарда қалыпты жағдай сақталуын тұрақтандыру мақсатында жыл сайын облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан табиғи өрттерге жол бермеуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп өрттің алдын алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау және оны іске асыру, орман қоры алқабы телімдеріндегі табиғи өртті сөндіру жөніндегі өртке қарсы тактикалық жаттығулар өткізу, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер жанынан құрылған топтардың жауынгерлік дайындығын және жабдықталуын тексеру сияқты іс-шаралар жүзеге асырылуда. Айта кету керек, мемлекеттік орман қоры және далалық алқаптардың басым көпшілігі құмды және таулы аймақтарда, өртке қарсы қызмет құрылымдарынан едәуір қашықтықта орналасқан.
Табиғи өрттің орын алуына жол бермеу және материалдық құндылықтарды сақтауда алдын алу ісінің маңызы зор. Ол үшін жазғы құрғақ ыстық және құрғақ желді маусымда елді мекендерде және кәсіпорындарда, саяжай телімдерінде от жағуға, жел соққан кезде қалдықтарды өртеуге жол берілмеуі, елді мекендерді, мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың аулаларын, ғимараттар арасындағы өртке қарсы ара қашықтықты, ашық қоймалар мен ғимараттар аралығын, тұрғын үйлерге, саяжайларға басқа да құрылыстарға жанасатын аймақтарды жанғыш материалдардан, қалдықтардан, жапырақтардан және құрғақ шөптерден уақтылы тазартып отыру, балалардың оттан абай болуын ескерту талаптары қатаң сақталуы тиіс.

Нұриддин АХМЕТОВ,
облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support