- Advertisement -

«Ақжайықты» жеңе алмады

77

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы аясында Оралдың «Ақжайық» командасын қабылдаған «Тараз» футболшылары қарсыластарымен тең түсті. Осылайша жерлестеріміз жетінші айналымда да жеңіске жете алмады.
«Ақжайық» соншалықты қарымды команда деп айта алмайсыз. Өткен маусымда дәл осы клубпен жерлестеріміз премьер-лига жолдамасы үшін жанталасқан болатын. Алайда, соңғы кезеңде «Жетісуды» жеңіп кеткен «Ақжайық» жоғары топта қалу құқығын жеңіп алған еді. Ендеше, «Ақжайық» секілді ортаңқол ұжымдарға қарсы ойында ұпайдан шашау шығармаған жөн-ау.
Жалпы, кездесу барысында «Тараз» футбол клубының ойыншылары өткір шабуылдар ұйымдастырып бақты. Маусым басталғалы алғаш рет орталық стадионда өткен ойында Руслан Мухаметшин бастаған шабуылшыларымызға дәлдік жетіспегендей көрінді. Бәлкім, ауа райының қолайсыздығы да әсер еткен шығар. Қалай десек те «Таразды» бір ұпай еншіледі демесек, бұл кездесуде екі ұпай жоғалтты.
Жеті айналымнан кейін алты ұпайды қоржынға салған жерлестеріміз турнир кестесінің сегізінші сатысында келеді. 16 ұпайы бар «Астана» жеке дара көш бастаса, Павлодардың «Ертісі» мен Алматының «Қайраты» әзірге үздік үштікті қорытындылап тұр. Ендеше, жамбылдық ұжымнан тек жеңіс күтеміз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support