- Advertisement -

ЙИМАҚ

138

- Advertisement -

Түркілердің су құдайы. Бұл есімнің тарихы сонау ықылым заманнан басталады. Ежелгі үнді жерінде Йама және оның егіз әпкесі әрі әйелі Йамиға табынатын болған деседі. Бұл олардың діни ағымдарының бірі саналған.
Йами әйел-құдай, ал Йама жай қарапайым адам болатын. Йама өлген кезде оның егіз әпкесі әрі сүйген әйелі Йами көз жасын көл қылып жылапты. «Сен бұлай жыласаң, бүкіл әлемді топан су қаптайды» деп реніш білдіреді басқа құдайлар. «Егер ол бүгін өлсе, мен қалай жыламаймын», – деп жауап береді Йами. Ол кезде түн деген болмайтын, тек қана күн шығып тұратын. Сөйтіп құдайлар түн жасауға бел буды. Осылайша жерді түн басты. Ал таңға жуық басқа да әдемі де жас арулар секілді Йами да өзінің сүйген жарын мәңгіге ұмытты.
Кейінірек Йами өзінің көптеген ерлік істері үшін құдайлар қатарына енгізілді, сөйтіп ол ата-тек патшалығының әміршісіне айналды, бірақ та қазірге дейін жер бетінде өзендер өз ағысын тоқтатқан жоқ. Ежелгі Иранда бұл жұпқа Йама мен Йимақ сәйкес келеді. Кейбір кінәлі істері үшін Алтын ғасыр патшасы тақтан тайдырылды, ал Бирунидің айтуынша, ол Канг-дежде дарға асылды, Фирдоусидің жазғанына қарағанда Канг-деж Қимақ өзенінің бойында орналасқан. Аждаһа, немесе орасан үлкен жылан – Зокахоның бұйрығымен Йимақты екіге кесіп тастады. Бұл аждаһаның аты «аджилар» деп аталатын қимақ тайпасының атауында сақталып қалды. Арғұн өзенінің жоғары ағысы Хайлар өзенінің сол жақ сағасының аты Эмин деп аталуы да осы Йимақ атауымен байланысты. Сондай-ақ Ертіс өзенінің жоғары ағысы да осылай атала бастады.
Йимақ әйел-құдайының аты біздің эрамыздағы 13 ғасырда да солтүстік сюнну арасында Йимақ-Бұлт тәңірісі есімі ретінде аталып келген. 84 жылы солтүстік шаньюй Хан елінің саудагерлерімен сауда жасау үшін Йимақ байды жіберді, ол 10 мың сиыр мен жылқыны айдап әкеледі делінеді.
Гардизидің жазуы бойынша қимақ тайпасының шығуы туралы аңызда Шадтың інісі ағасымен ренжісіп, кәнизак-күндермен бірге қашып кетеді. Олар үлкен өзен жағасына келіп орнығады. Бір күні кәнизак өзен жағасынан 7 адамды көріп, оларға «тоқта», яғни «Ертіс» деп айқай салады. Бірнеше күндерден кейін оларға осы түркі тайпасынан шыққан 7 адам: Ими, Имек, Татар, Баяндер, Қыпшақ, Ланиказ, Ажлад қосылады. Кейіннен олардың аттары тайпа атауына айналады. Олар Шадты өз билеушісі етіп тағайындайды. Күндердің күнінде өз халқымен Ертіс жағасында тұрған қимақ билеушісіне «Шад! Сен судан мені көрдің бе?» деген дауыс естіледі. Шад шаштан басқа ештеңені аңғармай қалады, сөйтсе бұл оның әйелі – қатуын екен. Содан бері қимақтар Ертіс өзеніне табынып, «өзен – қимақтар құдайы» деп атайтын болды. Йимақ қатуын туралы бұндай аңыз түркі ортасына ауып, қимақ (ики Йимак/Йимек) этнониміне айналды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support