- Advertisement -

GGG – ең табысты P4P-боксшылар тізімінде екінші орында

90

- Advertisement -

Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин Forbes журналының нұсқасы бойынша ең табысты pound-for-pound боксшылар рейтингісіндегі екінші орнын сақтап қалды.
Аталмыш рейтингтің көшбасында орта салмақтағы WBO белбеуінің чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) тұр. Ал үздік үштікте бұған дейін GGG ығыстырған америкалық Андре Уорд (31-0, 15 КО) орналасқан.
Головкин Джейкобспен болған жекпе-жек үшін 2,5 миллион доллар табыс көрді. Ол жерлесіміздің әзірге бір кездесуде алған ең көп сыйақысы. Айта кететін жайт, бұған дейін pound-for-pound рейтингінде үздік 10 боксшы жарияланатын. Алайда осы жолы тізімге 15 боксшы еніп отыр. Соның арқасында Джейкобс 1,75 миллион долларымен аталмыш тізімге он бірінші болып кірді.
Forbes нұсқасы бойынша үздік бокс «манимейкерлерінің» тізімі төмендегідей:

1 (1). Сауль Альварес
2 (3). Геннадий Головкин
3 (2). Андре Уорд
4 (6). Владимир Кличко
5 (5). Мэнни Пакьяо
6 (7). Кит Турман
7 (4). Сергей Ковалев
8 (8). Деонтей Уайлдер
9 (10). Василий Ломаченко
10 (-). Теренс Кроуфорд
11 (-). Дэниел Джейкобс
12 (10). Эдриэн Бронер
13 (-). Келл Брук
14 (-). Майки Гарсия
15 (-). Эррол Спенс

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support