- Advertisement -

Каирдің оңтүстігінен тағы бір көне пирамида табылды

157

- Advertisement -

Каирдің оңтүстігінен біздің дәуірімізге дейінгі XVII ғасырға жататын көне пирамида табылды. Бұл туралы елдің көне мұралар министрлігі мәлім еткен. Көне мұралар департаментінің басшысы Махмуд Афифидің сөзінше, мысырлық археологиялық миссия ел астанасынан оңтүстікке қарай 40 км қашықтықта жүргізіп жатқан қазба жұмыстары кезінде болжам бойынша перғауындардың XIII әулетінің билігі кезінде салынған пирамидаға тап болған, деп жазады ТАСС. Мамандар табылған ғимараттың жақсы сақталғанын айтып отыр. Қазіргі сәтте оның кіреберісі құмнан аршылды. Пирамиданың қалған бөлігін аршу жұмыстары жалғасып жатыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support