- Advertisement -

Головкин Астанада айқаса ма?

147

- Advertisement -

жойқын жекпе-жектің күні мен өтетін орны анықталу үстінде

Кәсіпқой бокстағы даңқты отандасымыз, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің келесі кездесуі үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұдан бұрын Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев кездесу 17 шілде күні Астана қаласында өтеді деп хабарлаған болатын. Алайда қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман бұл мәліметтің нақты еместігін, келісімшарттың әлі бекітілмегенін жеткізді.
«Қазіргі уақытта Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізетіні туралы нақты ешқандай ақпарат жоқ. Сондықтан да жекпе-жектің қашан өтетіні, кіммен жұдырықтасатыны туралы айта алмаймыз. 17 шілде деп айтылған күнге келетін болсақ, мен Головкиннің Астанада не үшін дүйсенбі күні жекпе-жек өткізеді деп айтқан адамдарды түсінбеймін. Қайталап айтайын, Геннадийдің Қазақстанда жекпе-жек өткізеді деген мәселеге байланысты әлі ешқандай мәлімет жоқ. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Егер қандай да бір мәлімет болса, GGG-дің командасы ресми түрде хабарлайды», – дейді ол.
Десе де, бұған дейін бірнеше әлеуметтік желіде отандасымыз орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеуді біріктіру үшін WBO тұжырымының чемпионы, британдық боксшы Билли Джо Сондерспен кездеседі деген мәлімет тараған болатын. Отандасымыз оны жеңсе, абсолютті чемпион атанады.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support