- Advertisement -

Наурыз

316

- Advertisement -

Ақпан кет ті араз боп наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жет ті көрісіп, жанын үзген,
Қыс ат танды қоштасып тағы бізбен.

Көктем жет ті көл-көсір шуақ қуып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Тозған тонын бойына кие алмай бір,
Қайда барса қарт Аяз сыя алмай жүр.
Асқар таулар атасын шақырады,
Ой мен қырын атасы қия алмай жүр.

Қарар емес наурыз атағына,
Алар емес ақпанды қатарына.
Күні бойы жылаған қарт пенденің,
Түні бойы мұз тоңды сақалына.

Мұқағали МАҚАТАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support