- Advertisement -

Ынтымақпен керегесін кеңейткен

144

- Advertisement -

Антқа адал, лайық нағыз сенімге,
Ақтаңгердей азамат көп елімде.
Тау көтерген Толағайдай тер төгіп,
Бақ-береке орнатқан нақ төрімде.

Сендерсіңдер қайғы келсе саспаған,
Сендерсіңдер бағы жанса таспаған.
Тоныкөк пен Күлтегіннің ұрпағы,
Бейбіт елді болашаққа бастаған.

Ынтымақпен керегесін кеңейткен,
Құшағына ап терезесін тең еткен.
Алғыс айтам халқымызға кең пейіл,
Түрлі ұлтты мүддесі бір ел еткен.

Ұлы дала ұлағатын танытқан,
Жарқын елге бола білген жарық таң.
Алғыс айтам, қазыналы қарттарға,
Ұрпақтарға тектілікті дарытқан.

Жан-жүрегін құндақтаған жөргекпен,
Ақ сүт беріп әлпештеген, ерке еткен.
Алғыс айтам аналарға ардақты,
Түнде тұрып, тал бесікті тербеткен.

Атқан таңның арайына қуанып,
Туған елдің жеңісіне жұбанып.
Алғыс айтам рақымы зор Раббыға,
Маңдайыма жазылғанды құп алып.

Шырын
Мамасерікова,
ақын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support