- Advertisement -

Сиванму

106

- Advertisement -

Жануарлар мен өсімдіктердің өнімділік құдайы, бала туу құдай-әйелі, жастық нәрі мен ұзақ өмірді сақтаушы. Бұл құдай-әйел қытай аңыздарында да кездеседі, оның бейнесі не Батыс Кемпірінің қорқынышты және жауыз бейнесі түрінде, не Батыс патшайымының тамаша және қонақжай бейнесі түрінде Батыс Патшайымы еліне саяхат жасайтын аңшы туралы көне қытай аңыз әңгімелерінің арқау желісін құрайды.

Бұл мифтік аңыздар хань дәуіріне жатады, бірақ бұндай көзқарастар бұдан бұрынғы уақыттарда да болған, сондай-ақ Батыс пен ондағы өмір сүруші варварлар перифериясы жайында әңгімелер құрауға қатысты туған. Батыста, Нефрит тауларында өмір сүруші Батыс патшайымында «мәңгі өмір сыйлаушы нәр» бар деп есептелген. «Батыс патшайымы құрбандық шалу үстеліне сүйеніп тұрады, басында – бай әшекейлі бас киім, қолында асатаяғы бар. Одан оңтүстікте үш жасыл құс мекен етеді, олар Батыс патшайымына тамақ әкеп тұрады. Ол Куньлунь тауларынан солтүстікке қарай өмір сүреді». Куньлунь б.д.д. ІІ ғасырдан бастап юэчжи елінің шығыс бөлігі болған.
416 ж. шамасында Солтүстік Лян мемлекетінің билеушісі батысқа жылжи отырып, варварлық бихэ тайпасына шабуыл жасаған. «Варварлық көшпенділердің көсемі Бихэ өз көшін бастап Мэнсуньның алдынан шығып, оған беріледі». Бұдан соң Мэньсунь батыстағы Сихай теңізі мен Яньчи тұзды көлінен өтіп, Сиванму құдай-әйел храмына құрбандық шалады. Храмда қара тасқа қашап жасалған Сиванму әйел-құдайдың бейнесі болған. Ол ұрпақ жайдыру, бала тудыру тәңірісі деп есептелген. Құдай әйелі-патшайымның қара тастан қашалып жасалған бейнесі айлы түнгі аспан мен Сиванму құдай-әйелі иелік аймағы аясын танытқандай әсер етеді. Мэньсунь батыс құдай-әйеліне мадақ жыр арнауға және оның мәтінін тасқа қашап жазуға бұйрық береді. Сиванму құдай-әйелінің бейнесі кішіазиялық құдай-әйел Ұлы Ана Кибеланың бұдыр қара тастан қашалып жасалған, су жанындағы қасиетті күймеге отырғызылған күміс мүсініне ұқсас.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support