- Advertisement -

Көздің жауын алған құрақ көрпешелер

161

- Advertisement -

IMG-20170118-WA0000Осыдан бірнеше жыл бұрын «Айналайын» қоғамдық бірлестігі алғаш есігін ашқанда, оның атағы күллі республикаға танылып, ал онда жасалған бұйымдардың брендке айналарын ешкім ойламаса керек. Жылдар өте келе бірлестік жетекшісі Айгүл Разақованың талмас қажыр-қайраты мен ерен еңбегінің, бай қиялы мен тек қана алға ұмтылуының арқасында бірлестіктің аты асқақтап, абыройы артты. Бүгінде «АК» маркасымен нарыққа қазақтың ұлттық нақышындағы қыз жасауының сан атаулысын шығарып отыр.
«Айналайын» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, оларды бір орталыққа ұжымдастырып, қолөнеріне баулу мақсатында ашылған болатын. Алғашында бірлестік жетекшісі үйірмені өз пәтерінде ұйымдастырып, кейіннен мұнда келуге ниет білдірушілер саны артып, үйге балалар сыймай кетті. Осы кезде Айгүл ханым қазақтың киіз үйін ауласына тігіп, балаларды сонда үйрете бастады. Қызы Мөлдірді өнердің сан-саласына баулып өсірген ол бүгінде соның көп қолдауы мен көмегін көріп отыр. Мөлдір де анасының жолын жалғап, қазақтың қыздарына тән бірнеше өнерді бір бойына сіңіріп, ұлттық бұйымдарды баршаға паш етуде.
Қайырымды істің қайырын күткен келіншек жолында кездескен түрлі қиындықтарға қарамастан, өз ісін жалғастыруда.
«Қазақстанның үздік тауары» атағына ие болып, өткен жылы облыс әкімінің алғысына бөленіп, арнайы грантын жеңіп алған бірлестік жайлы көп жазуға болады. Ең бастысы, қайырымдылық жасаудан аянбай, ұлттық қолөнерді әлемге танытуға үлес қосып жүрген, қол қусырып қарап отыруды қаламайтын Айгүл Разақованың көп келіншекке үлгі-өнеге екенін айтқан жөн.

Маржан Рақай,
«Ақ жол».

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support