- Advertisement -

Ауқымды реформаны тұрғындарға кеңірек түсіндіру керек

114

- Advertisement -

Ауқымды реформаны тұрғындарға кеңірек түсіндіру керек, – дейді «Ауыл» партиясының мүшелері. «Ауыл» ХДПП-ның облыстық филиалының кеңес мүшелері мемлекеттік билік өкілеттілігінің қайта қаралуы мемлекет құрылымының тиімді моделін қалыптастырып, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының жүзеге асыруға жаңа серпін беретініне сенімді. Сондықтан, олар Мемлекет басшысының Үндеуі мен жүргізілетін конституциялық реформаның мән-маңызын тұрғындарға кеңірек түсіндіру қажет деп есептейді. Бұл қазір өте қажет қадам. Осы арқылы жұрттың пікір-ұсынысын толық ескеруге мүмкіндік туады.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде өткен «дөңгелек үстелде» «Ауыл» партиясының мүшелері мен оқу орнының қызметкерлері осы мәселені көтеріп, мемлекет басшысының 25 ақпанда жасаған Үндеуін талқылады. Жиынды партияның облыстық филиалының төрағасы, ТИГУ-дың ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты Ерболат Саурықов ашып, жүргізіп отырды.
– Елбасымыз 2050 жылға дейінгі ел дамуының межесін белгілеп, демократиялық ашық қоғам құру үшін реформалар жүргізуде. Мемлекет басшысының әрбір батыл, тәуекелшіл қадамының нәтижесінде бүгінде алдыңғы қатарлы елдермен тереземіз теңеліп, әлемге танылдық. Елбасының Үндеуі Қазақстанды дамытуға үлкен серпін берері анық. Бұл – болашағымызға бағдар, Мәңгілік Ел болуымызға негіз беретін аса маңызды тарихи құжат, – деді Ерболат Байұзақұлы.

80++0-(1)
«Дөңгелек үстелде» «Ауыл» ХДПП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұржігіт Бегалы, партияның Тараз қаласындағы филиалының төрағасы Қайрат Байжанов, партияның кеңес мүшесі Нұрлан Балғабаев, ТИГУ-дың ғалымы, PhD докторы Нұртас Әбдімомынов баяндамалар жасады.

ТИГУ-дың медиа орталығы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support