- Advertisement -

Алтын медаль қуанышы жақындап келеді

76

- Advertisement -

Қазақстан хоккейшілері Швеция құрамасын 5:0 есебімен ойсырата ұтты

Алматыда өтіп жатқан бүкіләлемдік қысқы Универсиадада қазақ хоккейшілері қаһарына мінді. Алғашқы кезеңде Қытай хоккейшілерін 22:0 есебімен күйрете жеңген қазақстандық хоккейшілер екінші ойында да алған беттерінен тайған жоқ. Бұл жолы ағалары әлемдік деңгейде олжа салып жүрген швециялық студенттерді отандастарымыз ойсырата жеңді.
Иә, студент хоккейшілеріміз жарап тұр. Айдарынан жел ескен ұлттық құрама ұландары кездесу басталған бетте алға ентелей ұмтылды. Нәтижесінде Кирил Савицкий мергендігімен көзге түсіп, есеп ашты. Арада аз ғана уақыт өткен соң Ярослав Евдокимов белсенді. Швеция құрамасының қақпасына шайбаны дәл бағыттаған оның соққысына қарсылас команданың қақпашысы тосқауыл бола алған жоқ.
Ойынның екінші бөлігінде де біздің құраманың мықтылығы анық байқалып тұрды. Бұл кезеңде Константин Савенков қарсыластардың қақпасынан саңылау тауып, есепті 3:0-ге жеткізді. Үшінші жиырма минуттықта Антон Сагадеев те бір шайбаның авторы атанды. Кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалған сәтте Дмитрий Гренц ақтық нәтижені тіркеп, ойындағы соңғы шайбаны соқты. Қорытынды есеп 5:0. Енді қазақстандық хоккейшілер Чехия құрамасымен кездеседі.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support