Жер ана алдамайды екен…

10

Құрдасым Рақымжан Дауымбақов (марқұм) ауылдың айтулы азаматы, сырбаз, серілеу жігіт еді. Бір жылы бақшасына екі шелек картоп егеді. Өзі де, әйелі де жұмысбасты жандар, картобына онша қарамаса керек. Уақыты келгенде картобын қазып алған Рақаң үйіне келіп:
– Әлсия-ау, Жер ана жарықтық адал ғой шіркін, алдамайды екен, екі шелек картоп егіп едік, сол екі шелек картобымызды түп-түгел теріп алдық, – деген екен міз бақпастан.

Төреқұл ӘЛХАНҰЛЫ.

Ақсу ауылы, Шу ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту