- Advertisement -

Долларға жасырынған құпия немесе «көк қағаздағы» жұмбақ символ нені білдіреді?

346

- Advertisement -

Имам Бұхари жеткізген қасиетті хадисте «Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбардың бәрі өз қауымына Тажал (Библия бойынша Антихрист) жайында ескерткен» делінсе, діни әңгімелерде Тажалдың кейпі суреттеліп, оның жалғыз көзі бар екені айтылады. Ал енді америкалық валютаның ең ұсақ купюрі – 1 долларлық банкнотты қолыңызға алсаңыз, оның артқы бетінде жалғыз көз бейнеленгенін көресіз. Шынында да, АҚШ-тағы ең өтімді купюр – 1 доллардың бетіндегі адамға жағымсыз әсер беретін он үш қатардан тұратын бітпей қалған пирамида мен қақ төбедегі үшбұрыштың ортасына орналасқан көз нені білдіреді? Пирамида мен үшбұрыш масондардың символы саналады. Көздің үстіндегі Annuit Coeptis деген латынша жазу он үш әріптен тұрады (осы 13 санымен алда бірнеше рет кездесеміз). Қазақшаға аударсақ, «жоспарымыз жеңіспен орындалды» деген мағына береді. Ал ең астындағы Novus Ordo Seclorum деген сөз «жаңа әлемдік тәртіп» мағынасын береді. Яғни «америкалық дәуірдің» басталғанының символы. Ең таңғалдыратыны – банкноттың енінің тұп-тура 66,6 миллиметр екендігі .
Библия бойынша 666 саны – Тажалдың таңбасы. Көздің құртына айналған «көк қағаздан» ақырзаманның таңбасын танығандардың таратуынша, доллардағы көз – Тажалдың көзі. Пирамида – мәңгілік құлдықтың символы, яғни тобырға айналған адамзат, көз – бәрін бақылап-басқарып отырған масондық элита. Яғни «Мен – Құдаймын, мен бәрін де көріп отырмын, әлемнің қожасымын, бәрі де маған бағынуы тиіс» деген белгі. Пирамида құрылысының бітпегені – іргетасы мықты АҚШ-тың өмірі бітпейтін басқыншылық әрекеті. Ал енді АҚШ мемлекетінің өзі біз сөз етіп отырған таңба-суреттің сырын былайша түсіндіреді: Пирамида – мемлекеттік құрылымның беріктігінің символы, биікке ұмтылушылық, 13 қатардан тұратын кірпіш АҚШ-тың негізін құраушы алғашқы он үш штатты бейнелейді. Ал пирамиданың бітпей қалуы АҚШ мемлекетінің әлі де биіктеп, дамитынын көрсетеді. Ал үшбұрыштың ішіндегі көз материялдық дүниеден жоғары тұрған рухани дүниені, яғни бәрін көріп тұрған құдайлық күшті білдіреді. Жалғыз көзді жалмауыздай көрініп отырған пирамида бір долларлық банкнотта уақыт өте келе кеш пайда болған. Дәлдеп айтсақ, 1935 жылы, яғни b60804c6b413546cec1a0c1ca66әлем картасында Америка Құрама Штаттары пайда болғанына бір жарым ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін. Көзі бар пирамиданы банкнотқа орналастырған – президент Рузвельт . Бірақ суретті ойлап тапқан ол емес, ол – АҚШ-тың Үлкен мемлекеттік мөрінің қарсы бетінде бұрыннан бар таңба. Бір қызығы, Украинаның жаңа ұлттық валютасы – 500 гривендік банкнотта да үшбұрыштың ортасындағы көз, оның жанында Киев Могилян академиясының ғимараты бейнеленген. Ой жүгіртушілер осыған қарап «Киев Могилян академиясының ғимараты масондық оқу орны ма, жоқ Украина экономикасы масондардың толық бақылауында тұр ма?» деп бас қатыруда.
5879cd32e39fd1401874614_oneЕкінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-тың нөмірі бірінші супердержаваға айналғаны белгілі. Қираған Еуропаға доллар тасқыны лап қойып, көк қағаз демде Батыс әлемінің басты валютасына айналды. Ал қазір доллар дүниежүзін уысында тастай ұстап отырған қаржылық құрылым екені біз айтпасақ та белгілі. Ол АҚШ-тың ұлттық ақшасы емес, адамзат баласын қанаудың жаңа тәсіліне айналған әлем ақшасына әлдеқашан айналып үлгерген. АҚШ-тың өзін де көзге көрінбейтін әлемдік алпауыттар (масондар) доллардың құлына айналдырып, өздеріне тәуелді етіп қойған. Бүкіл әлем қазір қаржылық күйзеліс жөнінде даурығуда. Себебі жер бетіндегі барлық елдің экономикасы АҚШ валютасының курсына тәуелді. Қара алтын тек доллармен сатып алынады. Халықаралық сауда-саттықтың бәрі доллармен жасалынады. Ұлттық қорлар доллармен сақталынады. Қысқасы, бүкіл әлем доллардың қожайындарына қызмет етуде. Қаржы жөніндегі сарапшылардың болжамынша, АҚШ долларының басына шындап күн туса, оған Ресей мен Қытай немесе оқшау өмір сүріп отырған Солтүстік Корея ғана төтеп беруі мүмкін. Ал енді 13 санына келейік. Бүкіл Еуропа, жалпы, христиан әлемі 13 санын сүймейтіні белгілі. АҚШ-тағы қонақ үйлерде де «он үшінші нөмір» болмайды, оның орнына «он екінші – а» деген нөмір бар. Яғни он үш санынан қорқатын қонақтардың жүрегін жараламау үшін осылай етілген. Американың да христиан мемлекеті екені белгілі, тіпті болмаған күнде де өздерін солай санайды. Осыған қарамастан, Америка – барлық мемлекеттік символикалары 13 санына негізделген әлемдегі бірден-бір мемлекет. Мәселен, жыпырлаған жұлдызды алабажақ жалауында он үш жолақ бар. О баста жұлдыздардың да саны 13 болыпты (штаттардың санына байланысты), басқа жұлдыздар кейін қосылған. Бір долларлық банкноттағы бітпей қалған пирамида 13 қатарлық кірпіштен қаланған. Оның үстіндегі Annuit Coeptis деген жазу он үш әріптен тұрады. Оң жағында бейнеленген қыран құс оң тырнағымен 13 жебені, сол тырнағымен 13 жапырақты зәйтүн бұтақшасын бүріп ұстап тұр. Қыранның кеудесінде 13 жолақты қалқан бар.
Ал тұмсығындағы лентадағы «Eplurіbus unum» деген жазу 13 әріптен тұрады . Ал ең төбесіндегі он үш ұсақ жұлдызды ойша қоссаңыз, алты бұрышты Дәуіт жұлдызы шығады. Бұдан нені аңғаруға болады? 13 санына оң көзбен қарайтын бірден-бір дін – иудаизм. Иудаизм барынша жабық дін болғандықтан, дініне берік жебірейлердің өзінен басқалардың оның терең сырын ұғуы өте қиынға соғады. Дегенмен 13 санының иудейлердің қасиетті кітабы Тәураттың он үш негізгі принципінен бастау алатынын болжауға болады. Ендеше, о баста-ақ Американың негізін қалаушы «таңдаулылардың» жебірейлерге қызмет еткендігін байқаймыз. Жебірейлер Тәуратта айтылғандай, жер жүзіне түгел иелік ететініне сенеді. Олардың түсінігінше, бұл үшін Ғибадат тауында үшінші храм тұрғызылуы тиіс. Иерусалимдегі (Құдыс) бұл қасиетті орында бір-бірінен қол созым жерде әлемнің ең басты үш діні – мұсылман әлеміндегі үшінші қасиетті орын – әл-Ақса мешіті, христиандардың кие тұтар орны – Иса пайғамбардың денесі жерленген жер – Құдай қабірі храмы, иудейлердің қасиетті орны – Көз жасы қабырғасы (Стена Плача) орналасқан. Бұл қасиетті орындар – Израиль-Палестина шиеленісінің ең бір асқынған сырқаты. Сол себепті Иерусалимде жаңадан храм салу үшінші дүниежүзілік соғысқа алып келуі әбден мүмкін.
Дегенмен дәл осы орында үшінші храм қалай да жаңадан бой көтеруі тиіс. Иудейлердің негізгі арманы – осы. 1968 жылы АҚШ палестиналықтардан храмды қалпына келтіру құқын 100 миллион долларға сатып алуға тырысқаны да сондықтан. Хадиске сүйеніп айтылатын әңгімелер бойынша, көктен Исаның түсуі, жерден Мәдінің шығуы және Тажалдың пайда болуы бір мезгілде болатын әрекеттер. Және Тажалдың өте құпия түрде әрекет ететіні айтылады. Сондықтан көптеген діни зерттеушілер мен сарапшылар Тажалды масондардың іс-әрекетімен байланыстырады. Библияда айтылатын жеті басты, он мүйізді алып қызыл айдаһарды «Үлкен жетілік» деушілер бар. Қазір «Үлкен жетілікке» әлемнің экономикалық жағынан дамыған елдері – АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада кіретіні белгілі. Ақырзаманның қашан болатыны бір Аллаға ғана аян. Дегенмен әлемдегі барлық діни қауым ақырзаман жақындағанда пайда болатын Тажалдың қай жерден шығатынын іздестіруде.
Шейхтардың айтуынша, ұзын бойлы, қырық жастағы имам Мәді Мекке қаласынан шығады. Оның келбеті Пайғамбардың келбетін еске түсіреді. Осы ұлы оқиғаға орай Рамазан айында Күн мен Айдың тұтылуы байқалады. Мәді Сирияға барып орналасады. Барлық Ислам мемлекеттері оның төңірегіне бірігеді. Осы оқиғадан кейін таңғы намаз алдында Көктен Иса пайғамбар түседі. Мәді оған жамағатқа имам болуды өтінеді. Ол бас тартып, сапқа Мәдіден кейін тұрады. Осы уақта Тажал пайда болады. Жаманшылық басталып, жамағаттың біразы қорқыныштан Тажалды құдайдай көреді. Бірақ соңында Иса пайғамбар Тажалды өз найзасымен қазіргі Палестина жерінде өлтіреді делінеді. Осыдан кейін бейбітшілік орнап, әлемді мұсылмандар билейді. Қазір әлемде басталған жаһандану мен ғаламдық сипат алған терроризмге қарап «Тажалдың уақыты басталды, ол әлемге келді және ғаламдық процестердің бәрін сол басқаруда» дейтіндердің саны күннен-күнге көбейіп келеді.

Төреғали Тәшенов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support