- Advertisement -

Анахита

138

- Advertisement -

anahitaКіршіксіз, таза, Харасвати Ардви Сура Анахита су, өнімділік және көп бала туу құдайы. Бұл құдайға сыйыну ежелгі және орта ғасырларда өмір сүрген көптеген халықтар арасында белгілі болып, Ираннан Орталық Азия далаларына дейін кеңінен тараған. Анахита туралы алғашқы мәліметтер Сырдарияның орта ағысында орналасқан Канка еліне қатысты. Ол Канка елінің негізгі ту нышаны болған. Бұл жайында мағлұматтар зороастризмнің қасиетті жазбасы «Авестада» беріледі. Оның бейнесі аспанда «толассыз күні-түні ағып жатқан, жерде ағатын сулардан биік, құламайтын, ағынды сулар» мен жер бетімен ағатын сулар бейнесімен байланысты болып келеді. Анахита Жаңбыр, Жел, Аспан мен Бұршақ бейнесіндегі «биік еңселі, бір тұқымдас төрт айғыр» жегілген аспан күймесімен желіп келе жатқан болып суреттеледі. Аспан күймесі мен нәр беруші жер сулары құдайдың өзі болып табылады. Анахита аспаннан жерге түсіп, «жайлы тұрмыстың» қорғаушысы мен сақтаушысы бейнесінде қызмет етеді. Оның өкілеттілігіне «ұсақ мал мен ірі қаралар, жер бетін басып жүрген қос аяқтылар да» кіреді. Анахита жебеушісі болып саналатын қасиетті Канкада батырлар оған құрбандық ретінде «жүз айғыр, мың сиыр, отар-отар қойларды» шалған. Анахитаға сыйыну Ежелгі Арменияда да белгілі болған, онда ол Құдай-Ана ретінде дәріптелген. Оны «ұлы ана», «даналық анасы» деп атап, армяндардың жебеушісі деп санаған. Соғдыда Анахита Нана құдайы атымен белгілі болған. Нана-Анахитаға табыну Орта Азияда зор құрметке ие болған. Себебі бұл құдай-әйел жануарлар мен өсімдіктер әлемі өнімділігін арттырады және бала тууға-ана болуға жәрдем етеді деп есептелген. Ол билікке («Фарн») ие болып саналған. Соғдыда оған табынып-сыйыну орталықтары болған, қолында Күн мен Ай нышандарын ұстап тұрған төрт қолды құдай әйел түріндегі бейнесі хорезмдік табақтарда салынған, сондай-ақ оның бейнелері көне Пенджикенттегі қабырғаға салынған суреттер арқылы да белгілі. Нана атын Пенджикентті билеуші әйелдер теңгелерге де соқтыртқан. Түркі-соғды қарым-қатынастары көшпенді түркі халықтарының бүкіл тарихы бойында өз желісін үзбеген. Орта ғасырлардың алғашқы легінде өмір сүрген түркі-йимектерде Анахита құдайы Нан есімімен белгілі болған деген жорамал да кездеседі. Нан таусылмас қайнар су мен Ұлы өзен құдай-әйелі болған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support