- Advertisement -

Кіріс – 4,7 миллиард теңгеге артты

71

- Advertisement -

Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Өмірзақов, басшының орынбасары міндетін атқарушылар Сағадат Палванова және Самат Қойбақов БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Онда аталған департаменттің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы әңгіме болды.
Өткен жылы бюджеттің кіріс бөлігі 4,7 миллиард теңгеге артып, жергілікті бюджет 108 пайызға өскен. 2015 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 5,1 пайызды құрады. Былтыр сыртқы сауда айналымы 1 миллиард 974 миллионнан астам АҚШ долларына жеткен. Импорт көлемі азық-түлік тауарлары бойынша – 42,6, машиналар, көлік құралдары, жабдықтар бойынша – 24,7, тоқыма мен тоқыма өнімдері бойынша – 4, химия өнеркәсібі бойынша – 3,7, аяқ киім бойынша – 3,7, металл және металл өнімдері бойынша 2,5 пайызға төмендепті. Қытай, Үндістан, Канада, Бразилия өңіріміздің негізгі сауда серіктестігіне айналып келеді.
Борышкерлердің есеп шотынан инкассалық өкімдері бойынша 48 салық төлеушіден –221,3 миллион теңге, банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылған 1213 салық төлеушіден 710,8 миллион теңге, сонымен қатар қойылған инкассалық өкімдер бойынша 1712 салық төлеушіден 385,7 миллион теңге өндіріліпті. Нәтижесінде бюджетке 7,7 миллиард теңге қосымша резервтер қамтамасыз етілді.
Өткен жылы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 3 535 кедендік декларация рәсімделді. 30-ы көлік құралына, 1969-ы импорттық тауарларға, 106 транзиттік, 1430-ы экспорттық тауарларға арналған декларациялар екен.
2016 жылы аталған департаменттің экономикалық тергеу қызметі қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы бойынша 373 іс қозғаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 460 миллион теңге мөлшерінде шығын мемлекет пайдасына өндіріліпті. Сондай-ақ, жалпы көлемі 392 миллион теңгені құрайтын күдіктілердің мүлкіне тыйым салыныпты.
Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Өмірзақов және оның әріптестері журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауаптар берді.

Есет ДОСАЛЫ,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support