- Advertisement -

Шөлдала мен Құмшағалға газ құбыры жүргізіледі

185

- Advertisement -

Қарапайым қала тұрғыны ретінде мен үстіміздегі жылдың 5 қаңтарында облыс әкімінің блогына Тараз қаласының құрамына кіретін бірқатар ауылдарға «көгілдір отын» қашан жеткізілетіні жөнінде сауал жолдап едім.
Көп ұзамай оған жауап қайтарылды. Өңір басшысы тарапынан «Тараз қаласы Шөлдала тұрғын алқабына газ құбыры құрылысын салу» жобасына 2017 жылға облыстық бюджеттен 685, 2 миллион теңге бөлініп, аталған жобаға конкурс жариялануда. Шөлдала тұрғын алқабына газ келтіру жұмыстары 2017 жылдың аяғына дейін жоспарланып отыр. Аталған жоба іске асырылғаннан кейін, Құмшағал тұрғын алқабы газдандырылатын болады», – деп жазылған онда.
Жолдаған сауалымызға қайтарылған жауап бізді үлкен қуанышқа бөлеп отыр. №11 аумақтық округке газ жеткізілуі біраз елді мекендердің Жамбыл ауданы құрамынан алынып, Тараз қаласының бағыныстылығына енуіне, басқа да себептерге байланысты кешеуілдеп келіп еді. Енді бұл мәселе оң шешімін тапқалы отыр. Бұл үшін облыс басшысына айтар алғысымыз шексіз.

Орынбасар Тоқбергенов.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support