- Advertisement -

Ресми: Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

118

- Advertisement -

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (22-0, 18 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды.

Боксшы 17 ақпанда Рой Джонстың Нью-Джерси штатындағы Нью парк қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында жекпе-жекке шығады. Бұл туралы NelsonsPromotion промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ысмағамбетов мәлімдеді.

«Жекпе-жек 10 раундқа созылады. Бұл титулды қорғау кездесуі емес. Қанат титулын Қазақстанда қорғайды. Ал қарсыласы жайлы таяуда хабарлаймыз. Қанат Ислам қазіргі уақытта штаттарда, Нельсон Лопездің жетекшілігімен жаттығу жасап жатыр», — деді Ысмағамбетов.

Айта кетейік, 32 жастағы қазақстандық соңғы жекпе-жегінде ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Кездесу Алматыда 29 қазанда өткен еді.

Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес — Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес — Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді. Осыдан кейін ресейлік белгілі комментатор Григорий Стангрит мамыр айында мексикалық Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірген еді. «Неліктен өтуі мүмкін емес? Мұндай жекпе-жекте бәрі де болуы мүмкін. Бірақ, әрине, күте тұрған абзал. Бұл Чавестің (Хулио Сезар Чавес — мексикалық боксшы) командасының Альвареске түсіріп отырған қысымы да шығар», — деп атап өтті Стангрит.

ақпарат көзі:tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support