- Advertisement -

Қораз бен тауық

317

- Advertisement -

Бақытжан СОВЕТҰЛЫ.

Қоқиланған қоразың
«Ку-ка-ре-ку» деп шақырды.
– Таң атты, тұрыңдар,
Беті-қолды жуыңдар.
Жұмысқа барыңдар,
Табыс табыңдар, – деп,
Тауықтарға ақырды.
Бірақ онысын,
Шыбын шаққан ғұрлы көрмеді
Мекиендерің «қыт-қыттап»,
Тұруға ыңғай бермеді.
– Әй, сендерге айтып тұрмын,
Әзірше аман жүрмін.
Тілді аласыңдар ма, жоқ па?
– Болды, осы жерде тоқта!
Сен бізге қоқилана берме!
Дайын, әне, суымыз да, жем де.
Бұрынғыдай дала кезіп қажеті жоқ.
Қарын тоқ.
– Дұрыс, дұрыс, – деп,
Басқалары да қолдады.
– Бізге ақырушы болма,
«Таң атты» деп мазаны ап,
Шақырушы болма!
Сенің заманың өтті,
Енді келмеске кетті.
– Жә-жә, жетер енді,
Өздеріңе қараңдаршы,
Май басып, домаланып барасыңдар,
Бұл түрлеріңмен
Қалай тұқым табасыңдар?
Жұмыртқаны басуды да қойдыңдар,
Балапан шығармай,
Оны да жойдыңдар.
– О, пәтшағар!
Бізде нең бар?
Одан да өзіңді жөнде.
Оншақты қатын алып,
Ортамызда сайран салып,
Таң атпай тұрғызушы ең,
Жұмыртқаны таптырып,
Оны бастырып,
Шөжелерді бақтырып,
Зыр жүгіртіп, жүргізуші ең.
Енді оған көне қоймаймыз,
Сенің көк тиынға қажетің жоқ.
Өзіміз-ақ,
Ойнап-күліп, тойлаймыз.
– Ал, сонда бала тәрбиесі ше?
– «Бала белде, бай жолда»
Гәп болып па сол да?!
Болды, ауызыңды жап!
Бар, жолыңды тап!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support