- Advertisement -

Сахараны қар басты

89

- Advertisement -

Африка сахарасын соңғы 37 жылда алғаш рет ақ ұлпа қар басты.
Қар Алжирдегі Аин-Сефра шағын қалашығына жауған. Теңіз деңгейінен 1 000 метр биіктіктегі қаланы «Шөл қақпасы» деп атап кеткен. Мұндай ерекше құбылыс бұл қалада 1979 жылы болған көрінеді. Онда, куәгерлердің айтуынша, қар жарты сағат қана жауған, ал соңғы қар күні бойы жауған екен. Бұл аймақ үшін айрықша сәтті әуесқой фотограф Карим Бушетате түсіріп алған. Оның туындылары әлеуметтік желілер арқылы әлемге тарап кетті. Ал сарапшылардың пайымдауынша, қар жауыны – Сахара тарихында екінші рет орын алған құбылыс.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support