- Advertisement -

Жауабы жоқ құбылыстар

208

- Advertisement -

Сіз ғылым бәрін түсіндіре алады деп ойлайсыз ба? Ғылымның өзі түсіндіре алмайтын дүниелер әлі де жетерлік. Төменде бірде-бір ғылым жауап бере алмайтын бірнеше құбылысқа назар аударып көрген едік.

Menar Janban мешітінің құпиясы неде?

Menar Janban мешітінің іргетасы 1316 жылы Иранда қаланған. Оның құрылысы құпияға толы. Бүгінгі күнге дейін жауабы табылмаған нәрсе, мешіттің жоғары бөлігінде орналасқан екі мұнарасы үнемі шайқалып тұратындығында…

Неге күннің бетіне қарағанда,
тәжінің қызуы көбірек?

Зерттеушілер неге күн атмосферасының қабаттары жарық бетінен миллион градусқа ыстық екенін анықтай алмады.

Дәрілік қасиеті жоқ дәрілер
ауру адамға қалай көмектеседі?

Бұл мәселе де күні бүгінге дейін еш нақты жауабы табылмаған құпияның бірі болып қала беруде.

Неге халықтың тек 10 пайызы солақай?

Неге адамдар оңқай және солақай болып бөлінеді? Ғалымдар адамның оңқай және солақай болуына қандай мүше жауап беретінін анықтай алмаған.

Неге Сатурнда дауыл болады?

Сатурнда болатын кез-келген дауыл жер бетінде соғатын дауылдан 20 есе күшті. Жер бетінде дауыл теңіздер мен мұхит толқындарынан болады. Бірақ, Сатурнда бірде бір мұхит жоқ. Онда неге, онда дауыл соғып тұрады?

Құстар жолынан қалай адаспайды?

Құстардың көптеген түрі жыл сайын GPS-тің, картаның, бағдардың көмегінсіз жылы жаққа қоныс аударады. Ғалымдар көптеген зерттеулер жасаса да, олардың қалай жол табатынын білмеді.

Көбелектер де өз жолын біледі

Монарх көбелегі жыл сайын құстар секілді мыңдаған шақырым қашықтыққа ұшып кетеді. Сонымен қатар, тек 6 айға жуық өмір сүреді. Бұл бірінші ұшып кеткен көбелектердің балалары қайта ұшып келетінін білдіреді. Осы кішкентай тіршілік иесі қайда ұшарын қалай біледі? Бұл да бір түсініксіз құбылыс.

«WOW» дыбысы қайдан шығады?

АҚШ-та 1977 жылдың 15 тамызында Перкинс обсерваториясында күшті таржолақты радио сигналы тарады. Алғашқы болып Джерри Р. Эйман оны «wow» дыбысы деп атады.

Жер сілкінуіне
қандай табиғат күші әсер етеді?

Қатты жел сілкінісі кезінде ақ және көгілдір жарық пайда болады және ол бірнеше секундқа созылады. Оның не екенін айғақтау үшін ғалымдардың ұсынған пікірлері әртүрлі. Бірі оны пьезоэлектрикалық құбылыс десе, енді бірі үйкеліс арқылы жылыну, сондай-ақ, фосфин шығарындылары, электрокинетика деген сынды нұсқаларды айтады. Бірақ, бірде-бір теория дәлелденбеген.

Гравитация деген не?

Шамамен 1666 жылы Ньютон өзінің әмбебаптығымен ауырлық күшін анықтады, бірақ бұл күш қалай қалыптасады, оның мәнін ғалымдар әлі күнге дейін анықтай алмады.

Неге ай аспанға қарағанда үлкен көрінеді?

Оптакалық зерттеуді төртінші ғасырда Аристотель бастады. Бұл оптикалық әсердің бір түрі деп саналады және бұл қайшы әрекет. Алайда, бұл теория күмән келтіреді.

Меконг өзенінің шарлары қандай?

«Наг отты шарлары» Лаос пен Тайландтағы Меконг өзенінде әр күз мезгілінде тамашаланатын феномен. Тауық жұмыртқасының көлеміндей жарық шарлар өзен тұңғиығынан қызыл түсте көтеріледі. Шарлар 10-20 метр биіктікке ұшып, жоғалады.
Сондай-ақ, ғалымдар шешімін таппаған тағы бірнеше мысал келтіруге болады. Мысалы, АҚШ-тың Теннесси штатында Грейт-Смоки-Маунтинс саябағында жарық қоңыздарының ерекше түрі мекендейді. Маусым айында қоңыздар адам таңғаларлық шоу көрсетеді. Олар жай жарықшалар сияқты емес синхронды түрде түрлі өрнектер жасайды. Ал Стивен Уильям Хокингке 21 жасында «ұмытшақтық» деген диагноз қойылып, дәрігерлер оны екі жылдан артық өмір сүрмейді деген тұжырым жасаған. Бірақ, 2015 жылдың қаңтар айында 73 жасқа толған ол математика ғылымдарының профессоры атанады. Адам жасы ұзақтығының ерте дәуірден бері қалай іске асатынын ешкім де жауабын біле алмай әлек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support