- Advertisement -

Екібасты акула

131

- Advertisement -

Мексиканың солтүстік-батысынан табылған қос басты балықты ғалымдар генетикалық ауытқушылығы бар акула деп тұжырым жасауда. Осыдан бірнеше жыл бұрын Флорида жағалауында балық аулап жүрген адамдар құрсағында екі басты ұрығы бар акула тауып алған болатын. 2008 жылы тағы бір балықшы Үнді мұхитынан екі басты көгілдір түсті акулаға кезіккенін айтқан. Ал 2011 жылы Калифорния бұғазы мен Мексиканың солтүстік-батысынан табылған қос басты акулаларға жұрт сиам егіздері деген ат береді.
Жалпы, қос басты акулалар саны тез көбейді. Себебі, жыртқыш сол уақытта 50-ге жуық уылдырық шашқан. Бұл туралы Мексикадағы ұлттық политехникалық институттың зерттеуші топ жетекшісі Фелипе Гальван-Маганья айтты.
Ал испан­дық зерт­теушілер Атлант мұхитынан қос басты мысық тектес акуланы тапқанын мәлімдеген. Зерттеушілер мұндай акуланың адам өміріне қаншалықты қауіп туғызатынын анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сол уақытта олар акуланың жұмыртқасынан ерекше эмбрион тауыпты. Қос басты жануар сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан екен. Бұл жыртқыш ары кеткенде 42 күн өмір сүре алатын болған. Алайда, оның ғұмыры бұдан асып түскен.
Дегенмен, ғалымдар оның өмірі ұзақ болмайды дейді. Ал мутацияның себептері белгісіз күйде қалып отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support