- Advertisement -

Бет сүйегі қисық біткен

134

- Advertisement -

Әпкелі-сіңлілі Азия мен Индия Меколе және олардың аналары өмір бойы жақ-бет сүйегі деформациясының азабын тартып келеді екен. Туабітті кеселдің кесірінен олар бала кезінен бастап айналасындағылардың мазағына айналған.

Жақында Азия өзінің «Instagram» парақшасында анасы және әпкесімен бірге түскен суреттерін салып, жариялады. Ол ісі арқылы осындай «құбыжық» болса да жақсы өмір сүруге болатынын көрсеткісі келген.
«Осы фотоларды көрген жұрт мұндай нәрсені бұрын-соңды ешқайдан кездестірмегенін сезеді. Бізді көрген соң, олардың жадында белгілі бір сауалдар туады. Сіздердің қазір көріп отырғандарыңыз – Жаратушының ғажап туындысы екенін айтуға рұқсат етіңіздер! Жаратушымыз адамдардың әртүрлі екенін әлемге көрсету үшін бізді таңдады. Адамның сырт келбеті бойынша оны сынау дұрыс емес», – деп жазды бойжеткен өз парақшасында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support